Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім сапасына баса көңіл бөлініп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Білім сапасына баса көңіл бөлініп келеді

76-қадам. ЭЫДҰ стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру,  12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
 77-қадам. Экономиканың  алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадр-ларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату.
79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсат – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру.

 

Елімізде барлық деңгейдегі сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім берудің ұлттық үлгісін дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Осыған орай, білімді ұрпақты тәрбиелеуде 12 жылдық білім беру бағдарламасының рөлі зор болмақ.  Бағдарламаның негізгі ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына,  өз пікірін ашық жеткізуіне,  шығармашылық әлеуетінің толық жүзеге асуына ықпал етеді. Осы ретте, жалпы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы еліміздегі 30 мектепке енгізілетін болады. Солардың ішінде, біздің облысымызда  Бұланды ауданындағы Никольский орта мектебі мен Степногорск қаласындағы  №5 көп салалы мектеп-лицейі де бар. Ағымдағы жылы аталмыш білім ошақтарында жобаны пысықтау жұмыстары жүргізіліп, 1-сыныптың 87 оқушысы қамтылды.
Тәжірибе жасауға дайындық барысында білім беру нысандарындағы оқу сыныптары жөнделіп, материалдық-техникалық базасы нығайтылды.  Айта кетерлігі, 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша сабақ беретін мұғалімдердің әрқайсысының жалақысына 25 пайыз үстемақы қосылды. Сондай-ақ,  Астана қаласында өткізілген арнайы курстарда 29 ұстаз білімдерін жетілдірді. Бүгінде еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы қатты байқалуда. Облыс орталығындағы жоғары техникалық мектеп он жетекші оқу орындарының қатарына кіріп, екі тәжірибелік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.
Оқушылары сандық  бағдарламалы жүйелермен басқарылатын «HaasAutomation» фирмасының құрылғылары орнатылған оқу-өндірістік орталық ашылды. Білім ошағының мұғалімдері мен шеберлері жастарды
жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеуге баулуда.
Өз кезегінде, үш тілді оқыту жүйесі облысымызда кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Атап айтқанда, 2004 жылы төрт мектепте ағылшын тілін ерте жастан үйретуге арналған тәжірибе басталды. Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп гимназиясында 7-сыныптан
бастап, алгебра, биология сабақтары ағылшын тілінде жүргізіледі. Мектепте ағылшын тілін жетік білетін математика және биология пәндерінің мұғалімдері сабақ береді.  Сонымен бірге, облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған №1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейі» мектеп-интернатында да 7-сыныптан бастап 5 пән ағылшын тілінде оқытылады. Дегенмен, барлық мектептерде пәндерді ағылшын тілінде жүргізу үшін білікті мамандар қажет. Алдын ала жасалған зерттеулер бойынша білім ошақтарындағы жоғары буынға  жалпы білім беретін пәндерді ағылшын тілінде өткізуге 5000-ға жуық мұғалім керек екен.
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселесі өте өзекті   болып отыр. Облыста білікті жұмысшы және орта буын мамандарын даярлауды  38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүзеге асырады.  Осы ретте, жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген Worldskills халықаралық жобасы жүйелі түрде ескеріліп отырады. Кәсіптік шеберлік байқауы 7 мамандық негізінде ұйымдастырылуда. Олар – жону ісі, дәнекерлеу жұмыстары, кірпіш қалау, сантехника және жылыту, сылақ және гипсокартон жұмыстары, шаштараз, мейрамхана ісі. Оқушылардың шеберлігін шыңдау  үшін барлық жағдай жасалған. Бұған Степногорск қаласындағы №2 индустриялды-техникалық колледжінің түлегі Әділет Тәкежановтің  «Токарь ісі» бойынша  халықаралық байқауда жеңіске жеткені дәлел бола алады. Бұл жоба болашақ мамандар арасында бәсекелестікті арттыруға өз септігін тигізуде.
Балым ІЗБАСАРОВА,
облыстық білім басқармасының  басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар