Заң күшіне енген соң

1-қадам. Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс.
 2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

 

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі бірінші кезектегі міндет ретінде айқындалды. Оны жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңы қолданысқа енгізілген болатын. Ол кадр-ларды іріктеудің жетілдірілген  тәсілдерін енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын сапалы жақсартуды, мансаптық жоғарылату мен кәсіби дайындықты көздейді.
Мемлекеттік басқарушылар қатарына барынша білікті, өз міндеттерін тиянақты, әрі адал атқаратын мамандарды тарту мақсатында аталған заңның негізіне меритократия қағидаты енгізілген. Мемлекеттік қызмет пен оның тұрақтылығының серпінділігі арасындағы теңгерім анықталып, заңды түрде бекітілді. Мемлекеттік мекеменің басшысы ауыса қалған жағдайда ұжымдағы басқа да қызметкерлердің топтық алмастырылуы қатаң түрде тек байқау өткізу арқылы жүзеге асады, сондай-ақ, бір қызметтен екіншісіне ауысу тәртібінде тағайындаулар үлесі мейлінше қысқартылды.
Жаңа заң ашық бәсекелестік пен іріктеу қағидаты негізінде мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу мүмкіндігін бұрынғыдан да күшейте түсірді. Байқаудың барлық кезеңі,  ғаламтор ресурстарында хабарландыруларды жариялаудан бастап комиссия отырысына байқаушыларды, сарапшыларды шақыру, іріктеу қорытындыларын орналастыруға дейін барлығы әділ өтеді. Ендігі кезекте мемлекеттік қызметке кіру тек жүйелі іріктеудің нәтижесінде ғана мүмкін, әрі ол төменгі лауазымдардан бас-талады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің мансабының жоғарылауы оның құзыреті мен жинаған тәжірибесіне байланысты.
Конкурс түрлерінің анықталғанын да еске сала кеткен жөн. Азаматтар арасында жалпы конкурс өтсе, мемлекеттік қызметшілер ішкі байқаудан өткізіледі. Және оған қатысу уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің ғаламтор сайттарында байқау өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін басталады.
Айта кетейік, бұрындары мемлекеттік мекемелер байқау өткізу туралы мұндай хабарландыруларды баспасөз беттерінде жариялап келсе, биылдан бас-тап бұлай ету міндетті емес. Бұл оң өзгертулерге байланысты конкурс өткізу мерзімі айтарлықтай қысқарды. Байқау қорытындысымен келіспеген үміткерлер комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе сотқа шағымдана алады.
Жыл басынан бері облысымыздың мемлекеттік органдары 37 ішкі және 24 жалпы конкурс жария етсе, соның ішінде бүгінгі таңда жоғары лауазымдарға 12 ішкі конкурс аяқталып, 20 мемлекеттік қызметші жеңімпаз деп танылды. Барлық конкурстар жаңа заң аясында байқаушылардың қатысуымен өтті.
Жоғарыда атап өткеніміз-дей, мемлекеттік қызметке жаңадан орналасушы тұлғалар қызметтерін төменгі лауазымдардан және сынақ мерзімімен бастайды. Мәселен, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 96 адам мемлекеттік қызметке сынақ мерзімімен қабылданды. Салаға алғаш келген 71 маман тәлімгерлерге бекітілді. Мемлекеттік мекемелердің жолдамасымен 56 мемлекеттік қызметші кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін арнайы тағылымдамадан өтті.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заң қағидаттарының бірі мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту және қажетті құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. 2016 жылдың үш айында 216 маман оқуға жіберіліп, соның ішінде 123-і біліктіліктерін арттырса, 93 қызметші қайта даярлау курс-тарына қатысты. Осы секілді жыл басынан бері атқарылған істер өте көп. Мұның барлығы қолданыстағы жаңа заңның тиімді тұстары деп атап көрсетуге болады.
Ерлаз ЖАЙЫҚБАЕВ,
Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті
басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар