Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүлік жария етілуде - АРҚА АЖАРЫ

Мүлік жария етілуде

41-қадам. Мүлікті және қаржыны заңдастыру рәсімдерін оңтайландыру. Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  еліміздің алдағы уақытта әлемнің дамыған 30 елімен иық тірестіру үшін бағыт-бағдар ретінде бес институттық реформасы жарияланған болатын. Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» деп аталатын бес институттық реформаның үшінші тарауының 41-ші қадамында мүлікті және қаржыны заңдастыру рәсімдерін оңтайландыру, қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу міндеттері айтылды. Осы құжат аясында Қазақстан Республикасы азаматтарының мүліктерін және кірістерін жалпыға бірдей жария етуге көшу қарсаңында мемлекеттік мүлікті, ақшаны, бағалы қағаздарды, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін жария етуге мүмкіндік беріліп отыр.
Осы ретте, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 400-V Заңына сәйкес, мүлікті жария етуді өткізу шарттарына өзгерістер енгізілген болатын.
Аталған заңға сәйкес, Ақмола облысы аумағында да мүлікті, ақшаны, құнды қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесін жария ету науқанын жүзеге асыру  ойдағыдай жүргізілуде. Жергілікті атқарушы орган-дардың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, облыс бо-йынша науқан басынан бастап ағымдағы жылдың 25 наурызы аралығына дейін жалпы сомасы 13 798,6 миллион теңгеге 1678 өтініш келіп түскен, оның ішінде тұрғын үй нысандары бойынша 1100, тұрғын үйге жатпайтын нысандар бойынша 2117 өтініш бар.
Мәселен, Целиноград
ауданынан – 734, Көкшетау қаласынан – 330, Бурабай ауданынан – 224 өтініш келіп түскен.
Бүгінгі күні жалпы сомасы 8 837,5 миллион теңгенің 1136 өтініші бойынша мүлікті жария ету туралы шешім қабылданды, оның ішінде тұрғын үй нысандары 788, тұрғын үйге жатпайтын нысандар саны 1500-ді құрайды.
Өткізіліп жатқан науқанға қолайлы және тартымды жағдай жасау және халықтың белсенді қатысуын жүзеге асыру мақсатында, жария ету рәсімі жеңілдетіліп, салық органдарымен өзара қарым-қатынастарды реттеуге және болашақта пайда болуы мүмкін талаптардың алдын алуға мүмкіндік беретін, жария ету субъектілері үшін қосымша кепілдіктер енгізілді.
Бұл ретте, жария ету субъектілері үшін кепіл ретінде жария ету кезінде алынған ақпараттың қылмыстық іс бо-йынша дәлел болу мүмкіндігін алып тастау, салық заңдылығына мүлікті жария ету кезінде салық төлеуші бойынша мемлекеттік кіріс органдарымен алынған ақпараттың берілуіне тыйым салу жөніндегі норманы енгізу, жария етілген мүліктің тәркілеуіне
тыйым салу нормасын қолданысқа енгізу қарастырылған.
Әкімдіктердің жанындағы комиссияда мүлікті жария ету бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы ие болу құқығы тиісті түрде рәсімделмеген жылжымайтын мүлік жария етіледі. Одан басқа мүлік бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан (басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлік, жылжымалы мүлік) мүлікті жария ету мүліктің орналасқан жері бойынша немесе жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, сондай-ақ, комиссия мүшелері мұндай мәліметтер мен ақпараттарды, көрсетілген органдар мен ұйымдарда жұмыс істеу кезеңінде, сонымен қатар, өздері жұмыстан босатылғаннан кейін де таратуға құқылы емес.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсім-делмеген, Қазақстан Респуб-ликасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету аудан (қала) әкімдіктерінің жанындағы комиссияға жария ету субъектілерімен келесілерді тапсыру арқылы жүзеге асырылады: мүлікті жария етуді өткізу үшін екі данадағы өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері; объектінің құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тексеруін жүзеге асыратын аттестаттаудан өткен сарапшының қорытындысы; жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжаты.
Өтініш комиссиямен өтініш берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде қарастырылады. Одан әрі облыста аудан комиссияларымен мүлікті жария ету жұмыстары 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі.
Ақан НҰРҒОЖИН,  
облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар