Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңның ерекшеліктеріне көңіл бөлді - АРҚА АЖАРЫ

Заңның ерекшеліктеріне көңіл бөлді

Облыстық кәсіподақ федерациясында «Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың негізгі рөлі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева, Кәсіподақтар федерациясы жанындағы оқыту, зерттеу және дау-дамайды шешу орталығы директорының міндетін атқарушы Мейрам Қажыкен, облыстық салалық кәсіподақтардың және кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, облыстағы ұйымдар мен кәсіпорындардағы кадрлық қызметтің еңбеккерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің төрағасы Кеңес Бекішев сөз сөйлеп, Қазақстан Респуб-
ликасы Кәсіподақтар федерациясы атқарып жатқан кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттарының бірі – кәсіподақ белсенділерін оқыту екендігін атап өтті. Қазіргі еңбек заңнамасы жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасындағы еңбек қатынастарын өзіндік реттеу қағидаты арқылы ұжымдық-келісімдік реттеуге бағытталған. Еңбеккерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғалуының деңгейі кәсіподақтар еңбеккерлерінің басты өкілдерімен тікелей байланысты. Олар жұмыс берушімен әлеуметтік сұхбат жүргізіп, келісе білсе, ымыралы шешім тауып, нақты әрі жүзеге асатын ұжымдық келісім-шартқа отырса, еңбеккер өзінің қорғалғанын сезінеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына енгізілген өзгертулер мен оны тәжірибе жүзінде қолдану жөнінде Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева жан-жақты айтып берді. Құқықтық келісім тәжірибесінде жаңа Еңбек кодексінің кейбір нормалары мен баптары түсініксіз жазылып, оны қолдану бойынша кереғар мәселелер тудырады. Мәселен, ұжымдық келісім-шартқа отыру бойынша жұмыс берушінің міндеті жөнінде 23-баптың
8-тармағында ол нағыз кодексте белгілеген тәртіпте ұжымдық келіссөз жүргізуге және үтірден кейін ұжымдық келісім-шартқа отыруға міндетті делінген. Мұнда жұмыс беруші міндетті сияқты көрінеді. Ал, 150-бапта келіссөз жүргізу, келісім жасау және келісімге отыру тәртібі бар да мұндай отыру міндеті жоқ. Сондай-ақ, 53-баптың
9-тармағындағы зейнет жасына келіп, еңбек етіп жүрген еңбеккерді жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек келісім-шартын бұзу тәртібі түсінбеушілік тудырады. Оларды зейнеткерлікке шыққанда немесе бір ай қалғанда ескерту керек. Мұндай нормаларды республика мен облыстарда өкілетті мемлекеттік органдармен бірге келісіп, нормаларды бірыңғайландыру қажет. Әйтпесе, бұны әр кім әртүрлі қолдануы мүмкін.
Одан әрі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы оқыту, зерттеу және дау-дамайды шешу орталығы директорының міндетін атқарушы Мейрам Қажыкен «Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың негізгі рөлі», «Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық келсім-шарттық қатынас» жөнінде баяндады. Қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификат тапсырылды.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар