Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жерді тиімді пайдаланудың тетіктері қарастырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Жерді тиімді пайдаланудың тетіктері қарастырылуда

35-қадам. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу.
36-қадам. Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған  мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Осыны жүзеге асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы жерлерін азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру жөнінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар 2016 жылдың 1 маусымында күшіне енбекші.
Осы түзетулерге сәйкес Ақмола облысындағы бірқатар ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер де міндетті түрде аукцион арқылы жекеменшікке берілмек. Оған қоса, қазіргі кезде заңнама осыған дейін кадастрлық құнынан 50 пайыздық жеңілдікпен 10 жылға дейін бөліп төлеу бойынша жалға алған ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді сатып алуға мүмкіндік береді. Ақмола облысы аумағында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің 10 миллион гектарын мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жалға алған.  Бүгінгі күні облыс бойынша жүргізілген талдау нәтижесіне сай кадастрлық бағалау құны 1,6 миллиард теңге тұратын ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді өз меншігіне сатып алуға ниетті жалға алушылар да бар.  
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде облыстың бірқатар өңірлерінде 6,3 мың гектарға жуық, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер 10 жылға бөліп төлеу бойынша жеке меншікке сатылған. Сол себепті, Ұлт жос-пары – «100 нақты қадамда» айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін аудандар және қалалардағы жергілікті атқарушы органдармен ауыл шаруашылық мақсаттағы қадастрлық бағалау құны 458,3 миллион теңгеге жуық, жалпы аумағы 42,5 мың гектар 117 жер телімі сатуға дайындалды. Осы мақсатта ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді түгендеу және пайдаланылмай жатқан жер алқаптарына қатысты ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Мәселен, 2015 жылдың 1 қарашасында шығарылған жылдық жер балансына сәйкес, Ақмола облысының аумағы 14,6 миллион гектарды құрады. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер 10,6 миллион немесе 72 пайыз болса, оның ішінде 5,6 миллион гектары егістік, 4,3 миллион гектары жайылымдық жерлер.
2012-2014 жылдары республикалық қаражат есебінен пайдаланылмайтын жерлерді анықтау мақсатында жалпы көлемі 11178 мың гектар ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерге түгендеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 1110,3 мың гектар (2012 жыл – 530,9 мың гектар, 2013 жыл – 406,2 мың гектар, 2014 жыл – 173,2 мың гектар) пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығына арналған жер анықталды (соның ішінде егістік – 613 мың гектар, жайылым – 490,2 мың гектар). Бұл жұмыс өткен жылы да жалғасын тапты. Жалпы, сауда-саттықтарды (байқау, аукцион) өткізу арқылы жерді жекеге беру бюджетті толтырудың ғана көзі емес, бұрын пайдаланылмаған жерлердi ұтымды пайдаланудың үлгісі болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей кәсіпкерлер өз меншігіндегі мүлікке аса сақтықпен әрі үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан, жер аумағы жағынан әлемде 9-орында тұрған еліміз үшін пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді оның қадірін білетін іскер адамдарға беру маңызды. Бұдан бюджет көлемі ұлғайып, тауар-ақша айналымы арта түседі. Әрі ол жерлер жай жатпай  халықтың игілігі үшін пайдаланылатын болады.

Алмагүл ҚАДЫРАЛИНА,
облыстық жер қатынастары
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар