«Қош келдің, әз Наурыз!»

 

Облыс орталығындағы №6 «Нұрай» бала бақшасының «Көкпар» ересектер тобында «Қош келдің – Наурыз!» атты ертеңгілік болып өтті.

 

Балдырғандардың бойына ұлттық салт-дәстүрлерді сіңіруге бағытталған шараны топ тәрбиешісі Зейнеп Өмірсерікова ұйымдастырды. Ол Ұлыстың ұлы күнін тойлауға тыңғылықты дайындалып,  жиналғандарға қазақтың әдет-ғұрыптарын көрсетті.
Сонымен бірге, тәрбиеленушілер арасында ұлттық ойындар ойнатып, балдырғандардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама қойды.  Ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға өзінің сүбелі үлесін қосып жүрген Зейнеп Мәжитқызына ризашылығымызды білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз.

«Көкпар» тобы
тәрбиеленушілерінің ата-аналары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар