58 жекеменшік медициналық ұйым жұмыс істеуде

81-қадам. Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу.
Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру – бәсеке есебінен медицина ұйымдарының корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.

 

Бүгінгі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» деп аталатын бес институттық реформаның үшінші индустрияландыру және экономикалық өсім атты тарауының 81-ші қадамы  медицина саласын қамтиды. Осы бағытта бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Тарқатып айтар болсақ, 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы отбасылық медицина қағидаларын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қарастырады. Бағдарлама аясында бірнеше бағыттар бойынша жол карталары жасалып, республикалық үйлестіруші кеңестер құрылғанын атап өткен жөн. Бұл бағытта жұмыс біздің облыста да жан-жақты жоспарлануда.
 Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту арқылы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту көзделуде. Бүгінгі күннің өзінде облыста 58 жекеменшік медициналық ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде қазіргі заманғы озық медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген «Авиценна» және «Медикус»  аса ірі, әрі жұмысы дұрыс жолға қойылған орталықтар болып саналады.  Облысымызда мемлекеттік медицина ұйымдарына 615 нысан кіреді. Оның басым көпшілігі фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер мен  ауылдық дәрігерлік амбулаториялар. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуді мемлекеттік медициналық ұйымдар жүзеге асырып келеді. Бюджеттің негізгі бөлігі  Көкшетау теміржол ауруханасы, Целиноград ауданындағы «Салауатты-Астана» серіктестігі,  сондай-ақ,  Көкшетау қаласы мен Атбасар, Зеренді, Ерейментау және Бурабай аудандарындағы 9 жекеменшік стоматологиялық ұйымдарына бөлініп, сенімді басқарушылыққа берілген. Көкшетау қаласы мен Атбасар және Бурабай аудандарындағы қан тазарту орталықтарына да біраз қаржы бөлініп, тиісті жұмыс атқарылуда. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар болып саналатын өңіріміздегі 34  ірі медициналық ұйымдардың 23,5 пайызында аралас қаржыландыру жүйесі  болғандықтан,  корпоративтік басқаруды  енгізуге әрі оны кеңейтуге мүмкіндіктері мол.
Тағы бір айта кетерлігі,  облыстық аурухана, перинаталдық орталық, Көкшетау қаласының ауруханасы мен емханасында арнайы бақылаушы кеңестер құрылып,  аталмыш ұйымдарда көрсетілетін медициналық көмектің сапалы болуын қадағалайды. Осы орайда, басқа медицина нысандарында да  бұл жұмыс қолға алынбақшы.
Осы күні облыстық денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту бағытында арнайы жобалар өз жұмысын бастап кетті. Целиноград ауданының Қосшы кентінде 300, Бурабай ауданының Щучинск қаласында 250 адамға шақталған емханаларда да осындай тетікті пайдалану көзделген. Оған қоса, 2018 жылы облыс орталығындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығын жекешелендіру де жоспарда бар.
Елбасының сындарлы саясатының арқасында қазір денсаулық  сақтау саласында оң бетбұрыстар орын алып отыр. Алдағы уақытта көзделген мақсатты орындап, халықтың денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайды жасауға  ұмтылудамыз.

Гүлнәр ҚҰЛЫШЕВА,
облыстық денсаулық сақтау
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар