«Оқжетпес» ерледі

Премьер-Лиганың 3-турында  сырт  алаңда «Тараз» клубымен күш сынасқан жерлестеріміз шебер ойын өрнегін көрсетіп, аса маңызды үш ұпайды еншіледі.

 

Ойын басынан аяғына дейін «оқжетпестіктердің» айқын басымдылығымен өтті десек, қателеспейміз. Алдымен, алаң иелерінің қақпасына 11 метрлік айып добын дәл көздеген команда капитаны Әлібек Бөлешевтің табысын ойынның екінші кезеңінде Антон Чичулин мен Серж Бандо одан әрі еселеді. Тараздықтардан тек Марат Шахметов қана мергендігімен көзге түсе алды. Ақтық нәтиже 1:3. Мұның алдында азулы «Қайратпен» де 1:1 есебімен тең түскен жерлестеріміз енді 9 сәуірде Оралда жергілікті  «Ақжайыққа»  қарсы ойнайды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар