Ұстазына қарап, шәкіртін таны

Жас ұрпақты  білімді, әрі интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Оқу үдерісінде тиімді әдістерді қолданып, шәкірттерін шығармашылыққа ынталандырып  жүрген ұстаздар  аз емес. Сондай ұстаздан тәлім алған, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген оқушылар көп.

 

Осындай білікті ұстаздың бірі – «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясының бастауыш сынып  мұғалімі  Айгүл Сейфуллинаның  еңбегін атап өтуге болады. Оның шәкірті  Рамазан Бариев – дарынды оқушы. Ол мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға және түрлі сайыстарға үнемі белсене қатысып, өнері мен білімін бастауыш буыннан бастап  шыңдап келеді.
Рамазан өткен жылы 1-7 сынып оқушыларының арасында  ұйымдастырылған облыстық «Зерде» кіші ғылыми жұмыстар байқауына қатысып, шығармашылық жобасы бірінші орынға ие болды. Сонымен бірге, үстіміздегі жылы IX республикалық  «Зерде» сайысында   оның ғылыми жобасы бірінші орынды жеңіп алды.
Аягөз МОЛДАБАЕВА,
«Мирас» көпбейінді
мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Суретте: Рамазан республикалық
«Зерде» сайысының жеңімпазы.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар