Қостанай қаласында гир көтеруден өткен жасөспірімдер, жастар және егде адамдар арасындағы біріншілікте Сандықтау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жақсы өнер көрсетті.
Бапкерлер Сергей Архипов пен Сергей Прохоровтың шәкірттері республикалық дүбірлі жарысқа үлкен дайындықпен барғанын көрсетті. 85 келілік салмақта жасөспірімдер тобында сайысқа түскен Владимир Прохоров қарсыластарының бәрін шаң қаптырып, жеңіс тұғырына көтерілді. Чемпиондықпен қоса, оған Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы мен биылғы жылдың қазан айында өтетін әлем біріншілігіне жолдама берілді. Осы мектептің тәрбиеленушілері Валерий Рыжих, Павел Захарчук, Роман Рябухин де жүлделі орындарды жеңіп алды.
Сергей ПРОХОРОВ.
Сандықтау ауданы.