Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжінде «Еркін пікір» пікірталас клубының «Жастардың жұмыспен қамтамасыз ету бастылығы және тегін кәсіби-техникалық білім алу мүмкіндігі» деген тақырыпта шара болып өтті.
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға Көкшетау қаласының құрметті азаматы Айдар Мурзин, өңірдегі ірі кәсіпорындардың жұмысшылары мен аталмыш оқу орнының студенттері, түлектері қатысты.
Жастарды кәсіби-техникалық білім алуға ынталандыру мақсатында өткен жиында жұмысшы мамандығының өкілі ретінде Айдар Мурзин өзінің еңбек жолы жайында ой бөлісті. Сондай-ақ, жиналғандар Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асырудағы шаралар кешенімен танысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.