«Адал жолды» таңдайық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық  «Адал жол» марафоны биыл да жалғасын тапты. Осымен екінші жыл қатарынан қолға алынып отырған аталмыш шара облыс аумағында 1 сәуірден бастау алды.

Енді марафон 9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне дейін жалғасады. Оның аясында дөңгелек үстел, семинар, конкурстар мен викториналар, пікірсайыстар мен басқа да мазмұнды шаралар ұйымдастырылып, бұл ауқымды іс мектепке дейінгі жастағы балалар мен халықтың барлық топтарын қамтитын болады. Облыстық марафонның қорытындысы бойынша өңірлердегі ең үздік іс-шаралар қамтылған деректі бейнебаян түсіру жоспарлануда. Басты мақсат сыбайлас жемқорлықтың кез келген
көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып
табылады.
 Ал, былтырғы марафон аясында 330 іс-шара өткізіліп, оған 23 мыңнан астам ақмолалық тұрғынның қатысқанын атап өткеніміз жөн. Жалпыхалықтық шара облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында салтанатты форуммен өз мәресіне жеткен болатын. Жүлделі орындар үшін Есіл, Атбасар және Жарқайың аудандары грамоталар  мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Егіндікөл және Шортанды аудандары «Әлеуметтік мәселеге заманауи көзқарас», «Бірегей шешім» аталымдары бойынша марапатталса, бірқатар аудандарға марафонға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтылды. Биыл да дәстүрлі шара өз деңгейінде өтеді деген сенім мол.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар