Есірткі саудалаушылар құрықталды

Облыстық ішкі істер департаментінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте жуырда өңірімізде тәртіп сақшыларының жедел іс-қимыл шаралары нәтижесінде ірі көлемде есірткі тасымалдаушылардың жолы кесілгені хабардар етілді.   

Аталған департаменттің есірткі бизнесімен күрес басқармасының басшысы Бауыржан Дәукеновтың айтуынша, қолға түскен азаматтардың бесеуі Көкшетау қаласынан болса, біреуі Жамбыл облысының тумасы. Соңғысы біздің облысқа оңтүстіктен есірткі заттарын ірі көлемде жеткізіп тұрса, қылмыстық топтың қалған мүшелері оны сатумен айналысқан. Есірткіні кәсіп қылумен қатар, әрқайсысының тұрақты жұмыстары да болғаны брифингте айтылды. Бірі облыс орталығындағы техникалық қызмет көрсету стансасында, енді бірі Хасенов базарында сатушы болып жұмыс істеп келген. Олардан отыз келіге жуық марихуана, басқа да есірткі түрлері тәркіленіп, қазіргі таңда ұсталған күдіктілердің барлығы уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Жасаған әрекеттері үшін қылмыскерлер 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы
мүмкін.  
Аталған факті жыл басынан бері есірткі бизнесіне қатысты ашылған ең ірі қылмыстық оқиға саналады. Жалпы, үстіміздегі жылдың үш айы ішінде 179 қылмыс тіркелсе, соның 64-і есірткі сату, 10-ы есірткі сақтау фактілеріне байланысты.     

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар