Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайырымды болғанға не жетсін!.. - АРҚА АЖАРЫ

Қайырымды болғанға не жетсін!..

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «25 қайырымды іс» республикалық  акциясы аясында Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы  «Жан шуағы» атты қайырымдылық балл ұйымдастырды.

 

Көкшетаудағы «Аристократ» мейрамханасында өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысты. Мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен депутаттардың басын қосқан бұл шараның негізгі мақсаты көмекке мұқтаж жандарға қоғамның назарын аударту, өмірде қиын жағдайда қалған нәзік жандыларға қол ұшын беру болып табылады. Осындай ізгі ниетпен қайырымдылық балына облысымыздың Көкшетау, Степногорск қалалары мен бірқатар аудандарынан жиналған делегаттар бұл күні игілікті істен аянып қалмады. Мұқтажға көмектесуге қашанда әзір екендіктерін жеткізіп, ортаға мүмкіндігі шектеулі жандарға беру үшін әдейілеп қойылған «жақсылық себетіне» қаржы салды.
Шара әсем ән және мың бұралған бимен көркемделіп, айналасын жақсылыққа шақыратын осындай маңызды бастамалары үшін облысымыздың іскер әйелдерінің атына алғыс та айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қазіргі таңда бала тәрбиесі мен отбасының берекесі ғана емес, саяси маңызды істерді, бизнесті де әйелдер жап-жақсы меңгеріп отырғанын айтып, әйел азаматтар немен айналысса да, оларды қашанда жетістіктер күтіп тұруына тілектестік білдірді. Сондай-ақ, өңіріміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан үлестері үшін Алғыс хаттарды салтанатты жағдайда табыс етті. Мұндай қошеметке ие болғандардың қатарында Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Сағадат Аққожина, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Малика Нұрпанова, Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы Жұлдызай Салыбек-ова, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова бар.
Ал, облыста іскер әйелдер қауымдастығының құрылуы жолында аянбай еңбек еткен ақмолалық іскер әйелдерге Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының Алғыс хаттарын осы ұйымның президенті өз қолымен тапсырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық шарасынан түскен ақшаның бір бөлігі көпбалалы Сайлыбаевтар, екі мүгедек баланы асырап отырған Салимовтар, сондай-ақ, сырқат балалары бар Кәмелинов пен Күзбаевтар отбасына көмек көрсетуге жұмсалса, қалған қаржы жыл аяғына дейін басқа да әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына, қайырымдылық шараларына үлестірілмекші.
Бұл күні ата-ана қам-қорлығынсыз қалған балалардың,  мүгедектердің қолымен жасалған қолөнер туындыларына көпшілік зор қызығушылық танытып, көрмеден ұнаған заттарын сатып алып жатты. Бұл да қамқорлыққа мұқтаж жандарға деген өзіндік бір қолдау болды.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар