Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрі бағасын орынсыз көтермейді - АРҚА АЖАРЫ

Дәрі бағасын орынсыз көтермейді

Аудан орталығы – Балкашин селосындағы «Вита» дәріханасы әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарды қамқорлығына алып, дәрі-дәрмекті арзандау бағамен босатуда.

Жекеменшіктегі дәріхананы он жылдан бері дәрігер Елена Шевченко басқарып отыр. Оның бұл кәсіппен айналысуына осы селоның №1 дәріханасын басқаратын енесі Лидия Шевченко себепкер болыпты. Бұдан бұрын Елена жұбайымен бірге Астана қаласында тұрған. Дағдарыстың салдарынан бұлар ипотекасын төлей алмай, селоға оралыпты. Үш айдың ішінде орталықтағы банктің қасындағы дүкенді сатып алып, дәріхана ретінде жабдықтайды. Жұмыс барысындағы дәрігердің біліктілігі мен ашықтығы адамдарды бірден өзіне тарта бастады.
– Дәріхана ашылғаннан бастап аудан тұрғындарымен жақынырақ таныса бастадым. Тіпті, кейбір әжейлер атаулы мерекелермен құттықтап, телефон шалатын болды. Қатары азайып бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерін де білемін. Олар маған жеңілдік жасаңыз деп ешқашан айтып көрген емес. Елді мекендерде тұратын ардагерлер де келіп тұрады. Оларға сыйлықтарым әрқашан дайын. Әр жаңа жылдың алдында өз тұтынушыларымызға сыйлық жасаймыз. Біз көтерме саудамен айналысатын Қазақстандағы ең ірі концерндермен жұмыс істейміз. Олар тауарларын арзан бағамен сатуға тырысады. Оның үстіне біздің Балкашин селосындағы екі дәріхана көптен бері жұмыс істейтіндіктен болар, дәрі-дәрмек бағасы арзан. Қазақстан кәсіпкер әйелдері одағының конференциясына қатысып, сөз сөйледім. Мұнда көптеген іскер әйелдермен танысып, тәжірибе алмастым. Астанада өткен конференцияда жобаға қатыстым. Онда өз бизнесімнің дамуы, жаңалығы мен қайырымдылығым жөнінде айтып бердім. Маған да сый-сияпат жасалды, – дейді Елена Шевченко.
Расында да «Вита» дәріханасы аудан орталығында өткізілетін мәдени шараларға әрдайым қол ұшын созады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер мен мүгедек балаларға  көмектеседі. Дәріханада дәрі-дәрмектің барлық түрлері бар. Қымбат бағалы дәрі-дәрмектер тапсырыс беру арқылы әкелінеді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға дәрі-дәрмек бағасы 15 пайызға арзан сатылады. Соңғы жылдары тағы екі дәріхана ашылыпты.
– Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан біздің салаға тексеріс жүргізілмейді. Бізді ешкім алаңдатпаған соң жұмысымызды адал атқаруға тырысамыз. Кейбір дәрі-дәрмектер тоңазытқышта сақталады. Дәріханадағы мамандардың барлығы арнайы оқу орындарын бітіріп, тәжірибе жинақтаған жандар. Аудан орталығында №1 дәріхана ғана тәулік бойы жұмыс істейді. Ауру айтып келмейді. Түнде де дәрі-дәрмектер қажет. Осы жауапкершілігіміздің арқасында көптеген адамдардың алғысына бөлендік. Соңғы кезде дәрі-дәрмек бағасының қымбаттағанына қиналамыз. Өзімізді кінәлі сезінеміз. Бұрын зейнеткер 5-6 дәрі сатып алуға мүмкіндігі болса, қазір үшеуіне әзер шамасы жетеді. Дегенмен, бағаның қымбаттауы бізге байланысты емес екенін барлығы түсінеді, – дейді ол.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар