«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында «Әділет кеңес береді» акциясы аясында тұрғындарға заң мәселелері бойынша тегін көмек көрсетілді.
Облыстық әділет департаменті атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Манар Байғожина, облыстық адвокаттар коллегиясының адвокаты Серік Құсайынов азаматтарға құқықтық кеңес беріп, сауалдарына жауап берді.
Партияның облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Қымбат Жүсіпованың айтуынша, акцияның басты мақсаты тұрғындарға еліміздің қолданыстағы заңдары мен құқықтық-нормативтік актілері, оларға енгізілген өзгерістер жайлы ақпарат беру болып табылады.
Жалпы, бұл күні шара облыс бойынша 160-тан астам адамды қамтыды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.