Жат ағымның зияны көп

Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінің наиб имамы, «Muslim.kz» сайтының редакторы Мақсатбек Қайырғалиев аудан орталығында болып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында жастармен кездесу өткізді.

Аудандық жастар ресурстық орталығында өткен шараға Аршалы кентіндегі мектептердің оқушылары да қатысып, мейманға ислам діні, бүгінгі күні елімізде тіркелген жат ағымдар, олардан сақтанудың жолдары туралы толғандырған сауалдарын қойды.  Дінді дұрыс түсіне білсе, ол  адамды тәрбиелеудің тиімді жолы екені де рас. Дінді насихаттау арқылы сотталған жандардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, имани жолға түсіруге болады. Сол себепті, аталмыш кездесу ЕЦ 166/5 түзеу мекемесінде де жалғасып, елордалық наиб имам Мақсатбек Мақсұтұлы ар-ұят, игі істер жөнінде әңгіме қозғады.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар