Теріс жолдан сақтандырады

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық қоғам: жаңа діни ілім» атты тақырыпта аудан орталығындағы бірқатар білім беру мекемелерінде дөңгелек үстел өткізілді.

«Жұлдыз», «Алтын балық» бала бақшалары мен №5 Ақмол орта мектебінің еңбек ұжымдарына аталған бөлімнің бас маманы А.Дүйсебекова заманауи қоғамда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда дәстүрлі діннің рөлі жайлы әңгімелеп берсе, Целиноград ауданы бойынша конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының маманы М.Нұрмұхамбетов радикалды экстремистік ағымдардың таралуының алдын алу жөнінде бейнефильм көрсетті.
Шара барысында діни қарым-қатынас мәселелері жан-жақты талқыланып, мамандарға әртүрлі сауалдар қойылды.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар