Мал тұқымы жақсартылуда

Ауданда 25 селолық тұтынушылар кооперативі құрылған.  Олардың көмегімен ауыл шаруашылығы құрылымдарының және тұрғындардың малдарын асылдандыру  жұмыстары қолға алынуда.

Осы мақсатта  178 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынған көрінеді.
Табындағы «Ангус», «Герефорд» және қазақтың ақбас бұқалары екі жыл сайын ауыстырылып отырады. Богородка мен Дорогинка селоларындағы «Ақжол» селолық тұтынушылар кооперативінің төрағасы Айтжан Асқаровтың айтуынша, кооператив 2014 жылы құрылып, алғашында «КазМеt» пен «Каз вееб LTD» серіктестіктерінен 8 асыл тұқымды бұқа сатып алынған. Кейін мал басы екі есе көбейіпті. Биылғы жылы 70 бас бұзау алынған. Бұл бұзаулар тек төрт ұрпақтан кейін ғана асыл тұқымдылар санатына көшеді екен. Бүгінгі таңда мемлекет мал шаруашылығын субсидиялауды одан әрі жалғастыруда. Осы қаржыға аталмыш кооператив тағы 10 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, арзан бағамен мал бағуды ұйымдастырыпты. Сөйтіп, елді мекендерде бір жағынан,  жаңа жұмыс орындары ашылса, екінші жағынан, ірі қара малдың тұқымы жақсартылуда.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар