Күн сайын табыс әкеледі

Бектау ауылында тұратын Петр Ткаченконың шаруа қожалығы  аудандағы іргелі шаруашылықтардың санатында.

Жұрттың көбі көктемде сеуіп, күзде жинап алатын бейнеті аз егіншілікке ден қойып жатқанда, тауқыметі көп мал шаруашылығымен айналысуға тәуекел еткен азаматтың еңбегі ақталып, қазір жақсы табысқа жетіп отыр.
Жиған-терген ақшасына 3,6 гектар жер және 15 бас қашар сатып алып, кәсібін бастаған фермердің төккен тері зая кетпеді. Бүгінде шаруа қожалығында мал басы 76 басқа жеткен. Өткен жылы асыл тұқымды канадалық ангус бұқасын сатып алған ол ірі қара тұқымын асылдандыруды мақсат тұтуда. Таяуда алғашқы асыл тұқымды бұзаулар да табынға қосылды. Ендігі меже – таяу болашақта мал санын жүзге жеткізу.
– Мал шаруашылығы қысы-жазы тұрақты табыс түсіріп тұрады. Өнімді сатуда да еш кедергі жоқ, – дейді фермер өз ойы туралы.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар