Зардап шеккендер жоқ
Келеңсіз жағдай Аршалы ауданындағы №40 және 42 стансалар аралығында орын алды. Астана және Қарағанды бағытындағы №502 жүк пойызының вагондары ағытылып қалған. Бұл «Мәскеу-Қарағанды» жолаушылар пойызының жолынан бөгеліп қалуына әкеліп соқты.
Алайда, теміржолшылар мен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қызметкерлерінің шұғыл іс-қимылының нәтижесінде жол қозғалысы тез арада қалпына келтірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.