Аршалы ауданында жүк пойызы вагондарының ағытылып қалуы салдарынан «Мәскеу-Қарағанды» жолаушылар пойызы жол кестесінен 1 сағаттан астам уақытқа кешікті.

Зардап шеккендер жоқ

 

Келеңсіз жағдай Аршалы ауданындағы №40 және 42 стансалар аралығында орын алды. Астана және Қарағанды бағытындағы №502 жүк пойызының вагондары ағытылып қалған. Бұл «Мәскеу-Қарағанды» жолаушылар пойызының жолынан бөгеліп қалуына әкеліп соқты.
Алайда, теміржолшылар мен облыстық  төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қызметкерлерінің шұғыл іс-қимылының нәтижесінде жол қозғалысы тез арада қалпына келтірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар