Астананың іргесіндегі ауданда шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді.
Өз кәсібін ашып, бизнеспен айналысып бақ сынағысы келетіндер қатары молая түсуде.
Осыдан үш жыл бұрын Бибігүл және Азат Оспановтар шағын азық-түлік сататын дүкен ашқан еді. Істері алға басып, көп ұзамай жалға алған ғимараттан қоғамдық монша ашты. Жалғыз моншаға қарап отырған аудан орталығының тұрғындары кәсіпкерлердің бұл бастамасын қуана қарсы алды. Жалға алған ғимаратты меншіктеріне сатып алған кәсіпкерлер шаштараз және шаруашалық заттарын сататын дүкен ашып, оны үлкен кешенге айналдырды.
Өткен жылы Оспановтар кәсіптерін кеңейту мақсатында баспа және жарнамалық өнімдер шығаруды қолға алды. Алдымен нарықтағы сұранысты зерттеп алған соң барып жеңілдетілген несие алып, шағын баспахана ашты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Шортанды ауданы.