Үшінші отырысы өтті

Облыстық мәслихаттың хатшысы, Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы  Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен өткен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқыланды.

Бұл жолы қоғамдық кеңестің қарауына 124 нормативтік-құқықтық акт жобасы келіп түссе, оның 25-і облыстық басқармалардан көрінеді. Түрлі мекеме басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңес отырысында актілердің біразы кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тапса, бірнеше акт жобасы кері қайтарылды. Олардың қатарында жер салығының мөлшерлемесі, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналар тарапынан бала бақшаларға төленетін ақы мөлшері, әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы актілер бар. Қоғамдық кеңестің ұсынысымен олар нақтыланып, толықтырылатын болады.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар