Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әзірше «Оқжетпестің» қарқыны жақсы - АРҚА АЖАРЫ

Әзірше «Оқжетпестің» қарқыны жақсы

Премьер-Лиганың  төртінші турында «Оқжетпес» Оралда «Ақжайық»  клубымен кездесті. Бұған дейін екі команданың қоржынында бір-бір жеңістен бар еді.

Әсіресе, 2:1 есебімен өз алаңында Алматының «Қайратын» ұтқан оралдықтарға бұл жеңіс психологиялық жағынан  көп басымдылық  бергені  анық. Дегенмен, екі команда да бұл күні жеңіске ұмтылып бақты. 35 жасқа толған «Оқжетпестің» капитаны Әлібек Бөлешев те (№10) өзінің туған күніне кезекті голымен жақсы сый жасағасы келгені даусыз. Қуанышқа орай, бұл оның қолынан келді. Ойынның 25-інші минутында Марат Хайруллиннің бұрыштамадан соққан добын Әлібек қақпаға баспен дәл түсірді. Үзіліске осы есеппен тарқасқан қос команда екінші  кезеңде де алма-кезек шабуылдармен басымдық алғысы келді. Бірақ, «Оқжетпестің» жолы болып, негізгі 90 минутқа қосылған қосымша уақытта сербтік жартылай қорғаушымыз Ристо Ристович допты қақпаның бұрышына тура бағыттады. Сөйтіп, оқжетпестіктер 2:0 есебімен «Ақжайықты» да тізе бүктіріп, турнир кестесінде жоғарылай түсті.
Бет қатталып жатқанда жерлестеріміз біріншіліктің тағы бір ойынын өткізіп, Астана-Арена стадионында «Атырауды» қабылдады. Есеп 2:0. Бұл жолы да ойын «Оқжетпестің» пайдасында.
«Арқа ажарының»  өз ақпараты.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар