Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кінәлілер жазасыз қалмауда - АРҚА АЖАРЫ

Кінәлілер жазасыз қалмауда

Ақмола облыстық прокуратурасы биылғы жылдың бірінші тоқсанында түзеу мекемелерінде сотталғандарға әлімжеттік көрсетуге байланысты заң бұзушылықтарға қарсы күрес және оның алдын алу шаралары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.

Осыдан біраз жыл бұрын Көкшетау қаласының іргесіндегі Гранитный кентіндегі түзеу мекемесінде сотталғандар арасында бүлік шыққандығы есімізде. Сол тұста бұл оқиға туралы еліміздің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары айтып, жазған болатын. Міне, осы жайдан кейін елімізде, оның ішінде біздің облысымызда да сотталғандардың құқығын қорғауға қатысты жұмысқа жете көңіл бөліне бастады. Прокуратура сотталғандар мен арнайы медициналық мекемелерде емделіп жатқандардың құқықтарының қорғалуын үнемі назарда ұстауда.
Өткен жылы ғана түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар тарапынан қадағалаушы орган атына құқықтарының бұзылғандығы жөнінде 32 арыз түскен екен. Бүгінгі күні сотталғандарға байланысты құқық бұзушылықтарға орай, 4 қылмыстық іс сот арқылы шешімін тауып, заң бұзушылар жазаларын алды. Ал, тағы 5 қылмыстық іс сотта қаралуда.
Облыстық прокуратураның 6-шы басқармасының басшысы Нұрлан Ақышев биылғы жылдың басында Жарқайың аудандық сотымен түрлі мерзімге сотталған қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты іске жан-жақты түсінік берді. Осы ауданның аумағында орналасқан түзеу мекемесінде болған бұл оқиғаның салдарынан бір жазасын өтеуші ауруханада көз жұмған. Кейін белгілі болғандай, мекеме қызметкерлері сотталушыларды ұрып-соғып азаптап келген. Қазір заң бұзушылар тиісті  жазаларын алды. Өткен жылы тергеу абақтысында жатқан күдіктіні ұрып-соғу оқиғасына қатысты ішкі істер қызметкерлерінің үстінен екі қылмыстық іс қозғалған.
Прокуратура түзеу мекемелерін ұдайы тексеріп, заң бұзушылыққа жол берілмеуін әрдайым бақылауда ұстайды. Прокуратура қызметкерлері тарапынан тергеу изоляторына заңсыз қамалған көптеген адамдар шығарылған. Өкінішке орай, мұндай заңсыздықтар жергілікті жерлерде ішінара  көрініс беріп тұрады дейді басқарма басшысы.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар