Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар сенімді ақтаса, туған жеріне абырой - АРҚА АЖАРЫ

Жастар сенімді ақтаса, туған жеріне абырой

Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер қатарына болашақ Отан қорғаушыларды салтанатты түрде шығарып салуға арналған  митингі болып өтті.

 

Биыл Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы қатарына 800-ден астам адам шақырылмақшы.
 Солардың алдыңғы легін шығарып салуға жастардың ата-аналары, туған-туысқандары облыстық әскери комиссариат алдына көптеп жиналды. Құттықтау сөз алған облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы, полковник Жанат Ережепов жиналған қауымға әскери шеберлікті үйрену өте жауапты және құрметті іс екенін айта келе, Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуге аттанғалы жатқан ұлдарға қажымас қайрат, шыдамдылық, сондай-ақ, олардың өз отбастарына аман-есен оралуларына тілектестік білдірді. Мұндай жылы лебіздер «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Мұса Елеусізов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова, Ауған  соғысының ардагері Қайролла Қосмағамбет, ата-аналардың атынан сөз сөйлеген Айгүл Қибатованың құттықтауларынан да естілді.
Әскерге шақырылғандар арасынан Ризабек Өтегенов ортаға шығып, өзінің және замандастарының үлкендердің сенімін ақтап, міндеттерін адал атқаратындықтары туралы сөз берді.  
Айта кетейік, бұл жолғы алғашқы лек әскери борыштарын Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чунджа елді мекенінде орналасқан 25/34 әскери бөлімінде өтейтін болады. Ол жер Қытай мемлекетіне жақын жатқандықтан біздің ұландардың алдында шекарамыздың қауіпсіздігін сақтау міндеті тұр. Ендеше, жерлестерімізге «ақ жол» дейік!   
«Арқа ажарының» өз ақпараты. Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар