Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Айқын» жобасы оң нәтиже беруде - АРҚА АЖАРЫ

«Айқын» жобасы оң нәтиже беруде

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңымен реттеледі. Сондықтан, әрбір азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн қарауға байланыстыбарлық қатынастар заңға сәйкес iске асырылуы қажет.

Кез-келген адам мемлекеттік органға жіберген өтінішінің тиісінше нәтижесін күтеді. Өкінішке орай, олар ұзақ уақыт қаралмай, сонан соң қарапайым тұрғындардың құқықтары бұзылатын фактілер жиі кездеседі. Бұл мәселеге тосқауыл қою мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Айқын» жобасын әзірлеген болатын. Қазіргі таңда жоба  еліміздің барлық аймағында іске асырылуда.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, «Айқын» жобасының негізгі мақсаты –  жазбаша өтінішпен жүгінген тұлғалардың өз өтініштерін бақылай алуы, соның ішінде, қандай мекемеде, қай лауазымды тұлғамен қарастырылып жатқандығы, тіпті қандай шешім шығарылғандығы жөнінде толық ақпарат ала алатындығында болып отыр. Қазақстан Республикасы Бас прокуроры   бекіткен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу Қағидасында» көрсетілген әрекеттерді орындау тәртібі келесідей болуы тиіс, яғни, тікелей жазбаша өтінішпен жүгінген жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне бірегей нөмір көрсетіле отырып, 18 санды құрайтын жыртылмалы талон беріледі. Берілген талонның бірегей нөмірінде алғашқы жұппен өтінішті тіркеген жыл, екінші жұппен облыс коды белгіленеді (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар), үшінші жұппен  аудан коды (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қала) төртінші жұппен  ауылдық округ коды. Субъект коды және талонның реттік нөмірі бес саннан тұрады.
Мысалға, Ақмола облысы бойынша білім беру басқармасына келіп түскен өтініштің бірегей нөмірі келесідей болады:  161100000141000015. Бұл жерде 16 – өтініштің тіркелген жылы, 11 – Ақмола облысының коды, 00 – аудан коды, 00 – ауылдық округ коды, 01410 – органның коды, 00015 – талонның реттік нөмірі.
Осындай кодтар өтініштерді тіркейтін ақпараттық базалары бар әрбір мемлекеттік органдарда жеке-жеке берілген, сондықтан, өтініш беруші берілген талон бойынша өз өтініші туралы барлық ақпаратты біле алады.  
18 санды бірегей нөмірі арқылы берілген өтініші бойынша кез-келген тұлға ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің http://pravstat.prokuror.kz сайтының «Мемлекеттік органдарға өтініш беру» бөліміне  кіріп, бірегей нөмірді енгізу арқылы өтініштің жай-күйін көре алады.
Сонымен қатар,  «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы тапсырыс хатпен алған кезде өтініштерді есепке алу карточкасының «Бірегей нөмір»
8 деректемесінде субъект пошта байланысы бөлімінде берілген 13 таңбалы штрихті пошта идентификаторын (мысалға, №RZ147258369KZ55555) енгізеді және оған «55555» символдарын қосады.
Бұл дегеніміз тапсырыс хат арқылы өтінішті бергісі келген әрбір тұлға пош-
тамен жөнелте алады және сондай жөнелту кезінде тапсырыс хатына 13 таңбалы штрихті пошта идентификаторы міндетті түрде қойылады. Осындай идентификатормен жөнелтілген өтініш барысын әрбір адам www.serviee.pravstat.kz  сайтына кіру немесе 1012 нөміріне SMS жіберу және    8 800-080-7777, 1414 нөмірлеріне хабарласу арқылы толық біле алады. Сонымен қоса, «Қазпошта» акционерлік қоғамының сайтына www.kazpost.kz кіре отырып, тренингтің көмегімен және 1499 нөміріне хабарласу арқылы бақылауға толық мүмкіндігі бар.
Көбінесе пошталық байланыс шалғай аудандардың тұрғындарына қажет. Осыған орай, тікелей жазбаша өтінішпен жүгінген әрбір азамат 18 санды бірегей нөмірлі талон алуға міндетті және сол талон арқылы өз өтініш барысын толықтай бақылай алатынын білуі қажет. Егер де өтініштерді қабылдауда, жазбаша өтінішке бірегей талон бермеген жағдайдағы қандай да бір құқық бұзушылықтар орын алатын болса, оны Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасына жедел хабарлауы қажет.

Дархан ТӨКЕЕВ,
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитеті Ақмола облысы
бойынша басқармасының аға
прокуроры, кіші әділет кеңесшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар