Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қолданғанда сақтық керек - АРҚА АЖАРЫ

Қолданғанда сақтық керек

Бүгінгі күні өсімдіктерді қорғауда химиялық әдіс жетекші орын алып отыр. Ондай дәрі-дәрмектер егіншілік саласында жиі қолданылады.

Олар дәнді және бұршақты дақылдарды зиянкестерден қорғауға үлкен септігін тигізгенімен, пайдалану ережесін сақтамаған жағдайда қоршаған орта мен жан-жануарларға кері әсерін тигізетін жайлары да болады. Сондықтан, осындай улы химикаттармен жұмыс істеудің ережесін білу және оны сақтаудың маңызы зор. Міне, облысымызда көктемгі егіс жұмыстары да басталғалы отыр. Тұқымды дәрілеуден бастап, жерді өңдеу жұмыстарына да көптеген химиялық дәрі-дәрмектер қолданылады. Онымен жұмыс істейтін адамдар үшін сақтану шараларын білудің маңызы зор.
Шаруашылықтарда пестицидтер арнайы ғимараттарда сақталады. Жалпы химиялық дәрі-дәрмектер сақталатын қойманың төлқұжаты болуы тиіс. Улы химикаттар туралы ақпараттар жазылған арнайы кітапша болуы қажет. Өсімдіктерді қорғауда атқарылатын химиялық жұмыстардың бәрі де осы іске жауапты маманның басшылығымен жүзеге асырылады. Қауіпсіздік ережесімен танысып, арнайы тексеруден өтпеген адамдар мұндай жұмысқа жіберілмейді. Улы химикаттармен жұмыс істейтін орында арнайы құралдар,  нұсқау және ақпараттар жазылған кітапша, қауіпсіздік шаралары және адамдар уланған жағдайда оларға алғашқы көмек көрсету жөніндегі дәрігерлік кеңес жазылған плакаттар ілінеді.
Пестицидтермен жұмыс істейтін адамдар арнайы киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі керек. Олар жеке басының гигиенасын сақтауға да жете көңіл бөлулері тиіс. Жұмыстан кейін жуыну, тамақ ішер алдында қолды сабындап жуу сияқты қарапайым тазалық сақтауды естен шығармаған жөн. Улы химикаттармен жұмыс істеуге аяғы ауыр әйелдер, кәмелетке толмаған балалар жіберілмейді. Пестицидтер салынған ыдыстарды, дәріленген бидай салынған қаптарды қараусыз қалдыруға болмайды. Дәріленген аумақтарда мал бағуға, шөп шабуға, саңырауқұлақ теруге тиым салынады. Оған дәріленген мерзімнен соң 25 күн өткенде, ал кейбір пестицидтер бойынша арнайы нұсқауда көрсетілген мерзімнен кейін рұқсат етіледі. Пестицидтермен уланған жағдайда жедел жәрдем көрсетілуі қажет. Алдымен, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, міндетті түрде дәрігерге апару керек.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар