Биыл ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары 300,1 мың гектар алқапқа тұқым сіңірмекші.
Оның 275,9 мың гектарына дәнді және бұршақты, 10,9 мың гектар жеріне майлы, 12,4 мың гектарына азықтық дақылдар себіледі. Қамбаға құйылған 45,1 мың тонна тұқымдық астықтың барлығы тексерістен өтті.
Бұл орайда «Свободный», «ПЗ Балкашинский» және «Каменка и Д» серіктестіктерінің атқарып отырған істері айтарлықтай. «Свободный» серіктестігі элиталық тұқымдық шаруашылық мәртебесіне ие. Мұнда 6,2 мың тонна тұқым сатылмақшы. Оның 1676 тоннасы элиталық тұқым. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гүлнәр Қабденованың айтуынша, егіс жұмыстарын кідіріссіз жүргізу үшін 4355 тонна дизель отыны қажет. Қазір оның тиісті қоры жасалуда. Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы да
жоғары.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.