Техника тетіктен тарықпайды

Аудан орталығында ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті қосалқы бөлшектер сататын дүкен ашылды.

Дүкен иесі, «Сымбат» шаруа қожалығының басшысы Қонысбай Есжановтың айтуына қарағанда, аграрлы өңір үшін аудан орталығында
мұндай дүкен керек.
–Техника болған соң сынбай тұрмайды. Оны жөндеу үшін қыруар уақыт кетеді. Сондықтан, диқандар үшін жаңасын сатып алған ұтымды. Біз осы тұрғыда өз өнімдерімізді ұсынып қана қоймай, тапсырыс бойынша да жұмыс істейтін боламыз,– дейді дүкен иесі. Нысанның ашылуы салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдос Хамиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға зор көңіл бөліп келеді. Бұл экономиканы дамытудың маңызды саласы болып табылады. Аграрлы аудан болғандықтан, ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті бөлшектер сататын дүкеннің болуы диқандар үшін өте қолайлы, – деді  ол өз сөзінде. Дүкен сөрелерінен ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті бөлшектердің түр-түрін кездестіруге болады. Бағасы да
қымбат емес.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар