Ақкөл: туризмге бетбұрыс

Сәуір айының 28-29-ы күндері Ақкөл қаласында   «WAKE UP 2016» халықаралық инвестициялық форумы өткізілмекші.

Туризмді дамытуға инвесторлар тарту мақсатында ұйымдастырылып отырған осы алқалы жиын жайында Ақмола медиа орталығында өткен брифингте Ақкөл қаласындағы туризмді дамыту орталығының директоры Алан Бесен баяндады.
Табиғаты көркем өңірде туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Осы орайда, биылғы жылдың сәуір айында құрылған Ақкөл қаласындағы туризмді дамыту орталығына жүктелер міндет ауыр болмақ. Орталық директорының айтуынша, өңірдегі туризмді дамыту бағытында қолға алынатын бірнеше маңызды инвестициялық әзір жобалар бар. Солардың бірі «8 шың» тау шаңғы паркін ашу жобасы. Қаржыландыратын инвестор табылып жатса бұл өңірде туризмді дамытуға тың серпін беретін жоба болмақ. Алдағы өткізілетін халықаралық форумда осы мәселе шешіліп қалады деген үміт бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар