Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баяндама бойынша жарыссөзде сөйлегендердің сөздері - АРҚА АЖАРЫ

Баяндама бойынша жарыссөзде сөйлегендердің сөздері

Жексембай ҚАСҚАРБАЕВ,
«А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» серіктестігінің бас директоры:
–Мемлекет үшін маңызды басымдықтардың бірі – ауыл шаруашылығы. Ол әлемдік экономикадағы ғаламдық дағдарыстың жағдайында экономикалық өсім драйверлерінің бірі болып табылады. А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мәліметі бойынша оңтүстік қара топырақтың қыс алдындағы бір метрлік жер қабатындағы өнімді ылғалдың қоры таза парда 100-120 миллиметрді, сидералдық парда 75-85, жаздық бидай сабағында 35-40, зығыр сабағында 30-35 миллиметрді құрады. Қыс айларында қар нормадан көп түсті. Қыс, әсіресе желтоқсан мен ақпан айлары жылы болғандықтан, қар өте тығыз болды. Наурыз айы бұрынғы жылдардағыдан 5 есе жылы болып, қар нормадан үш есе артық жауды. Мұндай жылы қыс 2002 жылы болған. Орташа тәуліктік ауа температурасы қаңтар мен ақпанда 8 градус, наурызда 2 градус суықтан төмен түспеді. Бірақ, мамыр мен маусым айлары салқын болды. Көлденең жырту технологиясы бойынша дайындалған пар алқаптарындағы дала жұмысының басында метрлік жер қабатының ылғал қоры 140-150 миллиметр, ноутилл жүйесінде 120-130, парсыз жерлерде 100-120 миллиметр деңгейінде болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер көктем барысындағы жауын-шашынға, ауа температурасы мен желге байланысты өзгеруі мүмкін. Көктемде нормадан артық жауған жауын топырақтағы ылғал қорын молайтады. Қар кеткеннен егіске дейінгі мезгілде жауған жауын буланып кетеді. Егіс басындағы топырақтың метрлік қабатындағы өнімді ылғал қоры күзгі сулану мен қардың көп түсуі есебінен қара топырақта мол, қызғылт топырақ аумағында қанағаттанарлық болып келеді.
Күз бен қыс айларындағы жағдай 2001-2002 жылдарындағы жылылау қысқа ұқсас. Ал, наурыз 2008 жылды еске түсіреді. Күзде жердің жеткіліксіз сулануы мен қалың қарлы қыстың жылы болуы көктемде ылғалды мол сіңіруге ықпал етеді. Сондықтан, қордаланған ылғалды егіс кезінде сақтау мәселесі және оны тиімді пайдалану көктемгі дала жұмыстарын өткізудің негізгі стратегиялық міндеті. Белгілеген заңдылықтардың негізінде биылғы жыл жауын-шашын мөлшері жеткіліксіз ауыл шаруашылығы жылы деп болжауға болады. Мүмкін, мамырда құрғақшылық болса, жаз айларының жауын-шашын мөлшері біркелкі болуы мүмкін. Сапалы бидайға, майлы дақылдардың тұқымына сұраныс жоғары болғандықтан, мол өнім алу үшін топырақтағы жақсы және орташа ылғал қорын максималды түрде тиімді пайдалану қажет.

 

 

 

Қанат СҮЙІНДІКОВ,
Жақсы ауданының әкімі:
– Соңғы 3 жылда аудан бойынша орташа жылдық астық өндіру көлемі 533 мың тоннаны құрады. Бүгінгі таңда жердің метрлік қабатындағы ылғалды топырақ қоры мол астық өсіру үшін мейлінше қолайлы. Топырақтағы ылғалды сақтау мақсатында ауданда ылғал жабу жұмысы басталды. Аудан бойынша дәнді дақылдар 392,1 мың гектар алқапқа, майлы дақылдар 8,8 мың гектарға, азықтық дақылдар 36,7 мың гектар алқапқа егіледі.
Алдыңғы қатарлы шаруашылықтар тәжірибесі ылғал сақтағыш технологияның оң нәтижесі мен жоғары тиімділігін айғақтайды. Сондықтан, биылғы жылы 320 мың гектар алқапта аталмыш технологияға көшу міндеті қойылды. Ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінде маңыздысы жоғары сапалы тұқым болып табылады. Аудан шаруашылықтарына қажетті 52 мың тонна тұқым тексерістен өтті. Өткізілген талдаудың қорытындысы бойынша барлық тұқым жоғары өнгіштік деңгейге жеткізілді. Тұқымның 83 пайызы 1 және 2 класқа жатады. Егіс алдында тұқымды күнге кептіріп, дәрілеу үшін алаңға шығарылады.
Машина-трактор паркінің дайындығы 100 пайызды құрайды. Көктемгі егіс науқанына 103 егіс кешені қатысып, егіс алқабының 66 пайызына тұқым сіңіреді деп жоспарланған. Алқаптың қалған бөлігіне 220 «К-700» тракторына тіркелген астық сеялкаларымен себіледі. Өткен жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 5 егіс кешенін, 16 комбайн және 31 трактор сатып алды. Дәнді және бұршақты дақылдарды 20 жұмыс күнінің ішінде себу жоспарланған. «ТНК» агрофирмасының 8 шаруашылығы 170 мың гектар алқаптағы көктемгі егіс жұмыстарын 12 жұмыс күнінің ішінде аяқтауды межелеп отыр. «Алиби» агрофирмасының шаруашылықтары дәнді және бұршақты дақылдарды сіңіруді 15 жұмыс күнінің ішінде атқармақшы. Қалған 194,6 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар тұқымын А.Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығының ұсынысы бойынша биылғы жылдың 14 мамырынан 2 маусымына дейін себілмек.
Өткен жылы аудан бойынша 9,9 мың тонна минералдық тыңайтқыш алынды. Оның 7,8 мың тоннасын «ТНК» агрофирмасының шаруашылықтары сатып жинады. Осының арқасында бұл шаруашылықтар соңғы үш жылда әр гектардан 15,1 центнер  өнім алды. Биылғы жылы «ТНК» агрофирмасы парды 6,6 мың тонна минералдық тыңайтқышпен құнарландыруды жоспарлап отыр. Үкімет ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне 6565 тонна кепілдендірілген көлемдегі дизель отынын бөлді. Осындай қолдаудың, аудан диқандарының жақсы дайындығының арқасында егіс науқанының барлық шаралары сапалы әрі қысқа мерзімде өткізіледі.

 

 

 

Уәлихан ӘРІПОВ, «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры:
– Біздің серіктестік астық және мал өсірумен айналысады. 40 мың гектардан астам жеріміз бар. Оның 32 мың гектарына бидай, сұлы, арпа егеміз. Оған қоса, майлы дақылдар да өсірудеміз.
Серіктестікте қазір моррис, хорш, эмити маркалы егістік кешендері бар. Дәрі себетін, өздігінен жүретін  жаңа техникаларды да сатып алдық. Мұндағы айтайын дегенім қуатты техникалардың мүмкіндігі зор екендігі. Міне, осындай жаңартылған, толымды күштің арқасында көктемгі егісті қысқа мерзімде мамыр айының 18-інен маусымның 1-іне дейін толық аяқтап шықпақшымыз. Тәулігіне үш мың гектар алқапқа дән сіңіру мүмкіндігіміз бар. Егіс қарсаңында барлық алқаптың қақ жартысынан астамын гербицидпен өңдеп шықтық. Бұл арада бір айта кетерлігі, гербицидтің бәрі отандық өнім. Серіктестік жоғары өнімді тұқым дайындаумен айналысатындықтан, біз әр жыл сайын 7 мың гектарға жуық алқапты парға қалдырамыз.
Тұқымды Германиядан әкелінген тазалау аппараттарымен сұрыптаймыз. Біздің серіктестікте дайындалатын тұқым сапасы жақсы болғандықтан әр жыл сайын сатып алушылар қатары көбейіп келеді. 2015 жылы 10 мың тонна тұқым саттық. Соңғы бірнеше жыл бойы барлық агротехникалық шараларды уақытында әрі тыңғылықты жүргізудің арқасында бидай алқаптарының әр гектарынан 15 центнерден, ал, арпа тұқымы сіңірілген алқаптың әр гектарынан 20 центнерден өнім жинаудамыз.  
Тұқым сапасын жетілдіру үшін әр жыл сайын жүзден астам тұқым түрін сіңіреміз. Бұл іске ғалымдар да өз үлестерін қосуда. Қазіргі күні біздегі жер және ауа райына байланысты жоғары өнім беретін «Шортанды-95» жетілдірілген жұмсақ бидайы, «Доминское-90» қатты бидай болып есептеледі. Арпаның «Астана-2000», сұлының «Битик» деп аталатын түрлері бар.
2015 жылы біз  ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатына 115 миллион теңге қаржы жұмсадық. Селолық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Калачи селосының тұрғындарын көшіруге арналған сегіз пәтерлі тұрғын үйді қайтадан қалпына келтірдік. Селодағы 100 орындық балалар үйі, орта мектеп, дәрігерлік амбулаторияны жөндеп, қажетті құрал-жабдықтармен, жаңа жиһаздармен қамтамасыз еттік.    
Бұдан басқа да бірталай шаруалар жүзеге асырылды. Осының барлығы жер-ананың игілігінің арқасында мүмкін болып отыр. Ендеше, көктемгі егісті дер шағында өткізу игіліктің басы екендігі әмбеге аян.

 

 

 

Сұлтан ҚАСЕНОВ,
Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инс-пекциясы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:
– Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын жедел дамыту жағдайында астық өндірісін арттыру факторларының бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулар мен арамшөптерден тиімді қорғау. Мемлекеттік бюджеттік бағдарламаларға сәйкес облыс бойынша биылғы жылы ең қауіпті зиянкес-тер мен карантиндік нысандар бойынша 8 миллион гектар алқапқа мониторинг және республикалық бюджет қаржысы есебінен 1,2 миллион гектар алқапқа химиялық қорғау шаралары жүргізіледі.
Шегіртке зиянкестерінің, оның ішінде итальяндық прустың таралуы жыл сайын проблемалық мәселе болып отыр. Биыл итальяндық прусқа қарсы химиялық қорғау шараларының болжамдық көлемі 107372 мың гектарды құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеу алқабы 267 мың гектарға азайды. Алқаптарға  шегірткелер де үлкен қауіп тудырады. Осыған байланысты 42837 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізу керек. Соңғы жылдары қара астық құрты көбейді. Алқаптағы сабан, шашылған бидай мен масақ құрттарға қыс бойы азық.
Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен 356513 мың гектар алқап өңделеді. Шашылған сабаны мен ылғалы көп алқаптар септориоз ауруына ұрынды. Бидайы жоқ алқапқа бұл ауру жоламайды. Өткен жылы 814275 мың гектар алқаптағы септориозға қарсы химиялық өңдеу жүргізілді. Биылғы жылы химиялық өңдеудің болжамды көлемі 890983 мың гектарды құрайды. Бүгінгі таңда Ақмола облысы аумағында 3 карантиндік нысан тіркеліп, арамшөптерді жою жоспарының жос-пары бекітілді. Өткен жылы «Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен облыс аумағында зиянкестерге қарсы 10 мың 793 гектар алқапқа химиялық қорғау шаралары жүргізілді. Бұл шаралар биыл да қолға алынады.
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын жер телімдеріндегі карантиндік арамшөптерді жою шаралары өз қаржысы есебінен жүргізіледі. Осыған байланысты шаруашылықтар гербицидтер сатып алуға өтінім беріп, зиянкестермен күресті қаржыландыруды жоспарлауы қажет.

 

 

 

Алмагүл ҚАДЫРАЛИНА,
облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:
– Облысымызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында айтылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы жерлерді азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру жөнінде нақты шаралар қолға алынған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, ол 2016 жылдың 1 шілдесінде күшіне енбекші. Осы түзетулерге сәйкес Ақмола облысындағы бірқатар ауыл шаруашылығы мақсаттағы жерлер де міндетті түрде аукцион арқылы жеке меншікке берілмек. Мұндағы жыртылған жердің әр гектары 30 732 теңге, шабындық жер 11842 теңге,  жайылымдық жер 7337 теңге тұрады. Жалпы бүгінгі күні облыста 10542,3 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер тіркелген болса, оның 81,9 мың гектары жекеменшікте. Бұл пайызбен есептегенде 0,8 пайызды құрайды. Қазіргі кезде заңнама осыған дейін кадастрлық құнынан 50 пайыздық жеңілдікпен 10 жылға дейін бөліп төлеу бойынша жалға алған ауыл шаруашылығы мақсаттағы жерлерді сатып алуға мүмкіндік береді. Ақмола облысы аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 10 миллион гектарын мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жалға алған.  Бүгінгі күні облыс бойынша жүргізілген талдау нәтижесіне сай кадастрлық бағалау құны 1,6 миллиард теңге тұратын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді өз меншігіне сатып алуға ниетті жалға алушылар да бар.  
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде облыстың бірқатар өңірлерінде 6,3 мың гектарға жуық, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 10 жылға бөліп төлеу бойынша жекеменшікке сатылған. Сол себепті, Ұлт жоспары – «100 нақты қадамда» айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін аудандар және қалалардағы жергілікті атқарушы органдармен ауыл шаруашылығы мақсатындағы кадастрлық бағалау құны 494 миллион теңгеге жуық жалпы аумағы 44,3 мың гектар 119 жер телімі сатуға дайындалды. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу және пайдаланылмай жатқан жер алқаптарына қатысты ауқымды жұмыстар атқарылуда.

 

 

 

Нұрлан БЕКТҰРОВ, «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының
директоры:
– Метеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша 2016 жылдың мамыр айында ауа райы ауыспалы болып, жиі-жиі нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп найзағай ойнайды, күшті жел тұрады. Жалпы алғанда ауа температурасы жылдағы орташа деңгейден 1 градусқа жоғары болып, 13-16 градусты көрсетеді. Айдың алғашқы онкүндігінде түнде 0 градустен 10 градусқа дейін, кейбір жерлерде 15 градусқа дейін жылы болса, түнде 10-20, ал кейбір жерлерде  25 градусқа дейін жылынады. Екінші онкүндіктің алғашқы жартысында ауа температурасы онан әрі көтеріліп, түнде 10-15 градус болса, күндіз 22-27 градус, кейбір жерлерде 32 градусқа дейін ысиды. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы аздап төмендейді, сөйтіп түнде 5-10 градус, күндіз 17-22 градус деңгейінде болады.  Үшінші онкүндіктің алғашқы жартысында түнде 5-10 градус, кейбір жерлерде 15 градусқа дейін, күндіз 17-22, ал кейбір жерлерде 27 градусқа дейін жылынады. Дегенмен, онкүндіктің соңына қарай температура аздап төмендейді. Түнде 5-10 градус, күндіз 15-20 градусты көрсетеді. Жаңбыр негізінен мамырдың алғашқы онкүндігінде жауады. Қысқа мерзімді нөсер жаңбырлар екінші және үшінші онкүндікте болмақ. Бірінші онкүндіктің соңы мен үшінші онкүндікте тұман болуы мүмкін. Батыстан соққан жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетеді.   
Ертеңгі астықтың негізі топыраққа түскен ылғал мөлшеріне байланысты болатыны белгілі. «Қазгидрометтің» мәліметіне сай, өткен жылдың қыркүйегінен биылғы жылдың наурыз айына дейін облысымыздың көптеген аудандарында ылғал жылдағы орташа деңгейден біршама жоғары түсті. Ол 113-168 миллиметрді құрайды.
Күзде түскен ылғал мен жауған жаңбыр мөлшеріне орай және күз бен қысқы ылғал көлемін ескере отырып, топырақтың бір метрлік тереңдіктегі ылғалдылық көлеміне болжамдық сараптама жасалды. Осы өлшемдер бойынша Астрахан, Сандықтау, Бурабай, Егіндікөл, Целиноград аудандарында ылғал қоры 130-185 миллиметрді құрайды.
Ал, Аршалы, Атбасар, Зеренді, Бұланды, Жақсы аудандарында ылғал қоры 110-130 миллиметр көлемінде. Биылғы топырақтағы ылғал қоры қанағаттанарлық дәрежеде деп айтуға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар