Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Энергетиктер ескертеді - АРҚА АЖАРЫ

Энергетиктер ескертеді

Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы Ақмола облысы тұрғындарын электр қондырғыларына және электр беру желілері сымдарына жақындаудың қауіптілігі және электр энергетикасы нысандарына рұқсатсыз енуге жол берілмейтіндігі туралы ескертеді.
 «Байқаңыз! Электр кернеуі!», «Тоқта! Кернеу!», «Кірме! Өлтіреді!»  – жай ғана сөздер емес, шынайы қауіп туралы ескерту болып табылады.
«АЭҮК» АҚ облыс тұрғындарын трансформаторлық қосалқы станциялар мен электр беру желілерінің күзет аймағында жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, абай болуға, балаларды жалғыз қалдырмауға және оларға электр энергиясына қатысты қауіп-қатерлер туралы ескертуге  шақырады.
Электр беру желілерінің күзет аймақтарында осы желілердің қарамағындағы ұйымның алдын ала жазбаша келісімінсіз төмендегілерге рұқсат берілмейді:
– жол бетінен 4,5 метрден жоғары жалпы биіктікке ие машиналар мен механизмдер жүрісі;
– кез-келген ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын, күрделі жөндеу жұмыстарын, қайта құрылуын немесе құлатылуын жүзеге асыру;  
– жүк тиейтін-түсіретін және жер жұмыстарын жасау, ағаштар мен бұталарды көшеттеу және кесу, мал үшін ашық қораны ұйымдастыру, бау-бақшаларда сымды қоршауды орнату;
– ӘЖ подъездері мен оларға барар жолды бөгеу;
– машина мен механизмдердің барлық түрлерінің тұрақтарын ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Электр желiлерiн күзету қағидаларына сәйкес, күзет аймақтары ӘЖ шеткі сымдарынан төмендегі арақашықтықта орналасқан:
1 кВ-ге дейінгі ӘЖ үшін –  2 м
20 кВ-ге дейінгі ӘЖ үшін – 10 м
35 кВ-ге дейінгі ӘЖ үшін – 15 м
110 кВ-ге дейінгі ӘЖ үшін – 20 м.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар