Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемнің бір күні жылға азық - АРҚА АЖАРЫ

Көктемнің бір күні жылға азық

Кеңесте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан 2016 жылғы көктемгі дала жұмыстарын өткізуді сапалы ұйымдастыру міндеттері туралы баяндама жасады. Шешен өз сөзінде әр күні жылға азық болатын жауапты науқанға кірісер алдында өткен жылдың қорытындысына да сараптама жасады.

 

Өткен жылы ауа райының қолайсыздығы-на қарамастан облыс диқандары толымды табыстарға қол жеткізді. Табыс сыры агротехникалық шараларды уақытылы, талапта сай өткізіп, озық технологияларды өндіріске енгізуде болып отыр. Соңғы жылдардағы ерекшеліктерді ескере келе, биылғы көктемгі дала жұмыстарын барынша қысқа мерзімде өткізу межеленді.  
Облыста биылғы көктемгі дала жұмыстарын өткізуге қажетті агроөнеркәсіп кешенін дайындау жұмыстары аяқталды. Қазір өңір диқандарының алдында уақытында әрі тиісті агротехникалық талаптарға сай көктемгі егісті өткізу және мол астық алудың негізін қалау міндеті тұр.
Өткен жылғы агроөнеркәсіп кешені дамуының қорытындысын талдап, көктемгі егіс пен орақ жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізудің және қазіргі заманғы технология-ны енгізудің арқасында облыс диқандары 4,7 миллион тонна астық жинап алды. Жалпы өңірдің агроөнеркәсіп кешені ішкі қажеттілікті тұқыммен, азықтық жемшөппен және азық-түліктік бидаймен толық көлемде қамтамасыз етті. Сондай-ақ, 1,2 миллион тонна бидай алыс-жақын  13 шетелдерге экспортталды. 1 миллион тонна бидай республикамыздың 12 облысына сатылды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің жалпы көлемі 263,1 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде егіншілік саласының үлесі 186,2 миллиард теңге, мал шаруашылығы 76,2 миллиард теңге болды. Жалпы, көлем индексі 2014 жылғы деңгейімен салыстырғанда 102,1 пайызды құрады. Өңірде тұрақты астық өндірудің озық тәжірибесі қалыптасты. Облыс бойынша орташа жылдық астық өндірісі соңғы 3 жылда 4,7 миллион тоннаны құрады. Әр гектардан 11,6 центнер астық алынды. Бидайдың сапалық көрсеткіші жақсарды. Өткен жылы жиналған астықтың 83 пайызы 3 класқа сәйкес келіп, облыс еліміздегі алдыңғы орындардан көрінді.
Баяндамада биылғы жылы облыс бо-йынша атқарылатын шаруа екшеліп, дәнді дақылдардың отырғызылатын мөлшері де айтылды. Биылғы жылы облыс бойынша 4,6 миллион гектар алқапқа дән сіңірілмек. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4,2 миллион гектар жерге егіледі. Негізгі азық-түліктік дақыл – жаздық бидай көлемі 3,7 миллион гектар. Бұл өткен жылғы деңгейден 94,5 мың гектарға артық. Майлы дақылдар алқабы 206,7 мың гектарды құрайды. Бұл биылғы жылы майлы дақылдар өсіру технологиясын сақтауға және өңірде майлы дақылдар тұқымы өндірісі көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Егіс алқабы құрылымындағы майлы дақылдардың көп үлесі Зеренді ауданына тиесілі. Мұнда майлы дақылдар 50 мың гектар алқапқа, Бурабай ауданында 26 мың гектар алқапқа себіледі. Бұл аудандардың табиғи климаттық жағдайы экономикалық жағынан тиімді майлы дақылдарды өсіріп, оның тұқымын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұның бәрі гектар бойынша субсидиялауды тоқтатуға бұл дақылдарды өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қызығушылығына ықпал ете алмағанын көрсетеді. Өйткені, майлы дақылдар тұқымының құны жоғары.
Шешен өз сөзінде азықтық дақылдар көлеміне де тоқталды. Биылғы жылы азықтық дақылдар 607,5 мың гектар алқапта өсірілмек. Бұл өткен жылғы деңгейден 49,4 мың гектарға артық. Азықтық дақылдар себудің алқабы 197,7 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылғы деңгейден 3,8 мың гектарға көп. Өңірдің Целиноград, Ерейментау және Еңбекшілдер аудандарында өткен жылмен салыстырғанда азықтық дақылдар себу азаймақ. Целиноград ауданында азықтық дақылдар алқабының 7,6 мың гектарын қысқарту жоспарланған. Мал басы өсімінің  беталысын ескерсек, бұл аудандар бойынша азықтық дақылдар алқабының азайтылуы алаңдатады. Осыған байланысты жоғарыда аталған және өзге де аудандардың әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен бірге азықтық дақылдарды көбейту үшін егіс алқабы құрылымын қайтадан қараулары қажет. Бізде ол үшін уақыт пен мүмкіндік бар. Қазір өңірдегі тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілерінде 620 тонна біржылдық және көпжылдық шөптің тұқымы бар.
Дүниені дағдарыс жайлап тұрған заманда ауыл-село тұрғындарының  өздерін өздері  картоппен, көкөніспен қамтамасыз етуі өте маңызды. Баяндамашы  бұл орайда мынадай мәліметтерді тілге тиек етті. Тұрғындарды есепке алсақ, картоп пен көкөніс отырғызатын алқап сәйкесінше 18,7 мың және 4,4 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Тұрғындардың картоп пен көкөніс отырғызатын алқабы жоғары көрсеткішке жетті. Одан әрі бұл өнім өндірісінің көлемін арттыру мамандандырылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының есебінен жүргізілуі тиіс. Бізге картоп пен көкөністің ірі тауарлық өндірісімен айналасу керек. Өйткені, өңірдің аумағында бұл өнімнің ірі тұтынушысы  Астана қаласында орналасқан. Жалпы, облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары сіңірілетін егіс алқабының құрылымы биылғы жылы 2015 жылдың көрсеткішінен жоғары болады. Өсіру технологиясы толық сақталғанда мол өнім алуға мүмкіндік туады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін қазіргі заманғы технологияны қолдануға ерекше назар аудару қажет.
Биылғы жылы ылғал сақтағыш технологияны қолдану алқабын 3,3 миллион гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Тәжірибе көрсеткендей, бұл технология көптеген шаруашылықтарға жыл сайын мол астық алуға мүмкіндік беруде. Қазіргі заманғы технологияны енгізу бойынша жергілікті жерлердегі жұмысты жалғастыру қажет. Сонда ғана биылғы жылы белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізіледі. Облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымымен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, егіс стандартындағы 1 және 2 класты тұқым 87 пайызды құрайды. Бұл жақсы көрсеткіш. Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері 86,4 мың тонна көлемде жоғары өнімнің тұқымын сатады. Оның ішінде 9,7 тонна элиталық тұқым бар.
Бүгінгі таңда өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері олардан 25 мың тоннаға жуық көлемде тұқым сатып алу үшін келісім-шартқа отырды. Жергілікті жерлердегі тұқым шаруашылықтарында тұқым шығару жұмысын жандандырып, 1 мамырға дейін облыстың барлық шаруашылық субъектілерін тұқыммен 100 пайыз қамтамасыз ету қажет. Көктемгі егісті өткізудің негізгі жұмыстарының бірі – тұқымды далаға шығарып дәрілеу. Бұл шараларды өткізу әсіресе, ылғалды жылы аурулардың дамуына алдын ала тосқауыл болып, тұқымның өсуіне оң ықпалын тигізеді. Дәнді дақылдар тұқымын ашық аспан астында кептіру, толық көлемде дәрілеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда тұқымды дәрілеу препараттарымен қамтамасыз етілу қажеттілігі облыс бойынша 68 пайызды құрайды.  Осыған орай сізден тұқымды дәрілеу препараттарын сатып алу және 100 пайыз қамтамасыз ету жұмыстарын ширату бойынша шара қолдануыңызды өтінемін.  Ол үшін барлық мүмкіндік бар. Облыс аумағында тұқымды дәрілейтін препараттарды өндіретін және сататын отандық кәсіпорындар («Астана-Нан» ЖШС және «Агрохимия» ЖШС) бар.
Баяндамашы атап көрсеткеніндей, көктемгі дала жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару ең алдымен, техниканың әлеуетіне тікелей байланысты. Сондықтан да, шұғыл шараларды қолға алып, ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу жұмыстарын бірер күнде аяқтау қажет. Машина-трактор паркін жаңарту бойынша нақты шаралар қолға алынуда. Оның ішінде өнімділігі жоғары қазіргі заманғы дән себетін кешендер мен астық жинайтын комбайндарға көбірек көңіл бөлінуде.
Жалпы, облыс бойынша соңғы 4 жылда машина-трактор паркінің 9,3 пайызы жаңартылды. Бес ауданда (Ақкөл 5 пайыз, Астрахан 6 пайыз, Целиноград 6 пайыз, Жарқайың 8 пайыз және Зеренді 8 пайыз) облыстың орташа көрсеткішінен төмен болып отыр. Сонымен қатар,  ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен облыс бойынша 30 бірлік трактор, 52 бірлік сеялка және 1 дән себетін кешен сатып алынды.  Баяндамашының деректеріне қарағанда машина-трактор паркін жаңартуға әлі де зор көңіл бөлу қажет. Рас, көктемгі дала жұмыстарына қыруар техника қатыстырылғалы отыр. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Қолға алынған шараларға қарамастан, бүгінгі таңда облыстағы машина-трактор паркінің 67 пайызы тозған,  оның 73 пайызы трактор,  11,7 пайызы дән себетін кешендер. (Тозығы жеткен техникалар Целиноград ауданында 79 пайыз, Аршалы ауданында 75 пайыз, Ерейментау және Астрахан аудандарында 74 пайыз).
Сондықтан,  бізге жыл сайын белгіленген амортизация пайдалану мерзіміне сай, машина-трактор паркінің кемінде 10 пайызын жаңартып отыру қажет. Биылғы көктемгі дала жұмыстарына барлығы 15 мың трактор,  17 мың бірлік сеялка және 1076 өнімділігі жоғары дән себетін кешендер тартылатын болады.  Жоспарға сәйкес, дән сіңіру жұмыстарын 18 күннің ішінде аяқтау жоспарланған. Тәулік бойынша жұмыс өнімділігі 231 мың гектардан кем болмауы тиіс,  бұл өткен жылғымен салыстырғанда 15 мың гектарға артық. Оның ішінде дән себетін кешендермен барлық егістік алқаптардың (3,2 миллион гектар) 65 пайызына дән сіңіру көзделген.
Баяндамашы атап көрсеткеніндей, көктемгі дала жұмыстарын іркіліссіз жүргізу үшін қуатты техникамен бірге шаруашылықтар дер кезінде жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі керек.  Көктемгі дала жұмыстары қазіргі заманғы дән себетін кешендердің көмегімен жүзеге асырылуда.  Бұл машина-трактор паркін жаңарту қажет екенін көрсетеді. Дән сіңіру жұмыстарын ойдағыдай өткізуде жанар-жағармайдың қолда болуы маңызды. Қазіргі кезде  облыстағы шаруашылықтар 44,5 пайыз дизель отыны, 66 пайызы бензин және 68 дизель майымен қамтамасыз етілген.
Облысқа бөлінген 68 мың тонна кепілдендірілген дизель отынының кестеге сай наурыз және сәуір айларында 24,6 мың тоннасына қазіргі кезде операторлармен толық есеп айырысылды.  Дән сіңіру жұмыстары басталған сәтте шаруашылықтарда қажетті жанар-жағармайдың кем дегенде 60 пайызы болуы керек деп есептеймін,  бұл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қатаң бақылауында. Агротехникалық шараларға келетін болсақ,  биылғы жылы топырақта ылғал мол болғанымен дән сіңіру жұмыстары басталмас бұрын ылғал жабу шараларын барынша максималды түрде жүргізген маңызды.
Топырақтың құнарлығын сақтап,  шығымдылықты арттыру үшін минералды тыңайтқыштарды тиісті деңгейде қолданудың маңызы зор. Ағымдағы жылы арзан бағамен тыңайтқыштарды сатып алу үшін 1,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Шешен өз сөзінде облыстағы шаруашылықтардың топырақ құнарын сақтау үшін қажетті тыңайтқышпен қамтамасыз етілу мәселесін де егжей-тегжейлі айтып өтті. Қазіргі кезде облыстағы  шаруашылықтарда өткен жылдың 4 тоқсанында сатып алынған 10,2 тонна тыңайтқышы бар. Шаруашылықтарда дән сіңіру жұмыстары басталмас бұрын және дән сіңіру жұмыстары кезінде 18 мың тонна тыңайтқыш қолдану бойынша жұмыстарды ширату қажет. Биылғы жылы мемлекет ауыл шаруашылығын дамыту үшін субсидия ретінде 24,7 миллиард теңге бюджет қаражатын бөліп отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8,5 миллиард теңге артық.
Көктемгі дала жұмыстарын несиелеуге келетін болсақ,  «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы кепілдендірілген несие қаражатын респуб-
ликада тек біздің облыс қана толық қайтарып отыр. Биылғы жылы осы арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге  5 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Несиелік қаржының 2 миллиард теңгесі қазірдің өзінде берілді. Бұл қаржының толық игеріліп, кейін толық қайтарылатынына сенім мол. Барлығымыздың алдымызда бюджет қаржысын барынша толық игеріп, шығынды азайту арқылы экономикалық тиімділікті арттыру және  өндірісті дамытуда толық қамтамасыз ету міндеті тұр.
Жалпы,  жерлерде көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың тиісті деңгейде болуы науқанды ойдағыдай өткізу болатынын аңғартады. Оған қоса,  ұйымдастыру және технологиялық мәселелерді тағы бір қарап шығып, науқанға бар күш-жігерімізбен келгеніміз абзал. Науқанды ойдағыдай өткізу ауылдың экономикасы мен өңір халқының әл-ауқатын көтеруге септігін тигізетіні сөзсіз. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның баяндамасында көктемгі егістің стратегиясы мен тактикасы толық қамтылып, дайындықтың шырқау шегі, ішінара кездесетін кейбір кемшіліктер атап айтылды. Мол астық өндіру жолындағы қажырлы күрестің өрістетілу бағыты, сол жолдағы іргелі іске дәнекер болар қосымша салдарлар мен себептер толайым қамтылды.
Шаруашылық басшыларының алдына нысаналы бағыт тап басылып көрсетіліп, жемісті жолға жеткізер кеңестер мен нұсқаулар жеріне жеткізіле айтылды. Ендігісі көк аспанның июіне, қара жердің пейіліне және ең бастысы даңғайыр диқандардың дала төсін еңбек жырымен тебірентер ерен еңбегіне байланысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар