Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ұлы дала арулары» - АРҚА АЖАРЫ

«Ұлы дала арулары»

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университе-тінде болып өткен «Ұлы дала арулары» атты әдеби-танымдық кеш Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Кешке  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова қатысып, сөз сөйледі.

 

Шараны аталмыш оқу орны мен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының жанынан ашылған Аналар кеңесі ұйымдастырды. Кеште университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Аманбай Сейітқасымов, Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова және университеттің ардагерлер кеңесінің төрайымы Тыныштық Ахметовалар да қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
Поэзия шеруімен басталған әдеби кеш студент қыздарымыз қазақтың Айғаным, Ұлпан сияқты ақжаулықты аналары мен кешегі Ләззәт пен Сәбирадай аяулы қыздарына арналған жыр шумақтарын оқыды. Бүгінгі қазақ арулары қандай болуы керектігін көрсете алған қыздар бұл кеште би билеп, ән айтып, салт-дәстүріміз бен актерлік қабілеттерін танытты. Бал қылықты бойжеткендерден бастап, балабақшада жүрген бүлдіршін қыздарға дейін қатысқан кеш өте тартымды өтті.  
Әдеби-танымдық кешке Айгүл
Маментикова жетекшілік ететін «Нұрай балабақшасынан» «Шаңырақ» клубы, Әлия Амантайқызы жетекшілік ететін №3 «Дарын» облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатынан «Сырғалым» клубы, Нұргүл Қайырбекқызы жетекшілік ететін «Айғаным» қыздар клубы қатысып,  өз өнерлерін жұртшылыққа ұсынды.  
Сонымен бірге, бұл кештен оқу орнының студенттері де тыс қалған жоқ. Олар кеш қонақтарына мерекелік әннен шашу
шашып,  жақсы көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында университеттің ардагер ұстазы, білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Таңсық Жұрынқызы бүгінгі жас бүлдіршіндердің өнерлеріне разылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді.
Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан «Айғаным» клубының жетекшісі Нұргүл Қайырбекқызына және сол клубтың мүшесі Күләш Нысанбекке, «Шаңырақ» клубының жетекшісі Айгүл Маментиковаға, «Сырғалым» клубының жетекшісі Әлия Амантайқызына  және  осы кешті ұйымдастырып, оның өтуіне үлкен қолдау көрсеткен университет әкімшілігіне Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

 

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар