Ойлау қабілетін арттырады

Жасөспірімдік кезең адамның өз болашағына көз тігетін, яғни, өзімен-өзі сырласып, «жан дүниесіне үңілуге құштар» шағы деуге болады. Дәл осы кезеңде оның өмірге көзқарасы да қалыптаса бастап, қоғамға пайда келтіруге, алдағы күндерге ой-жоспарын құруға құлшына түспек.

 

Өмір сүруге құштарлық, алға айқын мақсат қою –  бәрі адамның өзін-өзі тани білуімен сабақтас.
Мектебімізде биылғы жылдың ақпан айында «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деген тақырыпта онкүндік өтті.  Аталмыш іс-шаралар аясында оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиет пен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріліп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолданып, өмірді бағалай білу бағытындағы ашық сабақтар, кітаптар көрмесі, тақпақтар сайысы, суреттер сайысы сияқты іс-шаралар өткізілді.
«Мейірім төгетін ана» тақырыбында мектеп кітапханашысы Ж.Елькеева кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Бас-тауыш сынып мұғалімдері Т.Елкей мен Н.Сарбаева «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында 2-4 сыныптар арасында тақпақ сайысын өткізді. Оқушылар  аналары туралы және сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық жайындағы тақпақтарды мәнерлеп оқыды.  «Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің» тақырыбында бастауыш сынып  мұғалімдері К.Досмаханова мен Т.Елкей  оқушылардың достық, бейбітшілік, ана туралы шығармашылық жұмыстары бойынша сурет көрмесін ұйымдастырды. «Адам – әлем бөлшегі» тақырыбында
8 «А» сыныбында  М.Жұмашева  ашық сабақ өткізді.  Қазақстанның өнер адамдары жайлы бейнебаяндар көрсетілді.Оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сабақтар өте қызықты, шығармашылық түрде жүргізіліп, барлық оқытудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдері қолданылды. 1-4 сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімі Н.Маркова  «Путешес-твие в страну Самопознания», «Доброта и любовь», 3-4 сыныптар арасында Г.Сүлейменова  «Жақсылық жасай білейік», 3-4 сыныптар арасында Ж.Әбілдинова «Я и мои друзья» қызықты да, тартымды сабақтар ұйымдастырды.
Өзіндік тану пәнінің мақсаты жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту десек, мектепте өткізілген онкүндік сондай мақсат биігіне жетуге жасалған маңызды қадам болды деп айтуға негіз бар.

Айнагүл ШӘКІР,  
Гастелло орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар