Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ән шуағы – жан шуағы - АРҚА АЖАРЫ

Ән шуағы – жан шуағы

Облыстық филармонияда «Көкшетау – тал бесігім» музыкалық фестивалі эстрадалық-симфониялық және үрлемелі аспаптар оркестрлерінің концертімен ашылды.

 

Сөйтіп,  кешегі сал-серілер бесігі болған киелі жерде тағы бір өнер мерекесі бастау алды. Осы топырақтан түлеп, әлемдік музыка аспанында еркін самғаған түлектер, көктем сайын туған жеріне оралатын жыл құстарындай Көкшетау жұртшылығын әдемі әнге бөлеп қуантатыны бар. Биыл да Италия, Франция, Австрия, Германия, Греция, АҚШ пен Ресей сахналарында өнер көрсетіп жүрген жерлестеріміз қуанышты көңіл-күй сыйлау үшін алыстан ат арытып
келіпті.   
Облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарының негізін-де классикалық   және  халық мұраларын  дамытып, эстрадалық-джаз музыкасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған фестивальді Халықаралық Джаз Ассоциациясының құрметті мүшесі, Лос-Анджелес қаласынан келген  Гүлдана Жолымбетова ашты. Гүлдана Жолымбетова – «Казахстан – перекресток Европы и Азии» жобасының авторы, «Астана – Блюз» халықаралық джаз фестивальдерінің ұйымдастырушысы. Ол АҚШ, Канада, Австралия, Болгария, Германия, Эстония, Армения сияқты елдердің үлкен сахналарында жеке орындаушы ретінде өнер көрсеткен өнерпаз.
Серік Еркембаевтың «Саржайлау» шығармасымен басталған концертке эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдесе, оркестрге «Мәдениет саласының үздігі» Илья Федоров дирижерлік етті. Сонымен қатар, сол күні сахнада «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева, гитарашы Әлібек Ахмалишев те өнерлерін ортаға салды. Кеш қонақтарының бірі  Грецияның Солоники қаласынан  келген Владимир Афанасьев болды. Ол бүкілодақтық ұрмалы аспапта орындаушы музыканттар байқауының лауреаты, Дания қаласында өткен халықаралық литвашылар сайысының жүлдегері. Греция мен Украинада, Ресей мен Бельгияда және Австрия елдерінде өнер көрсеткен талантты
музыкант.
Сырттан келген өнер саңылақтарымен қоса, өзіміздің өнер ұжымдары да көрермен ықыласына бөленді. Гүлмира Ордабаева жетекшілік ететін Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты «Гәкку» би ансамблі, қобызшы Беркімбек Зарапұлы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» дирижер Ерназар Оразалин мен әнші Жанат  Есов, халықаралық сайыстардың жүлдегері Махаббат Мұхамеджанова, Рустам Жахин, Алдияр Ерғали сияқты өнерпаздарымыз көпшілік көңілінен шықты. Жуырда ғана 40 жылдық мерейтойын тойлаған Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің түлектері, бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облыстық филар-мониясының эстрадалық джаз және эстрадалық-симфониялық оркестрінде өнер көрсетіп жүрген Марат Жақыпов пен Игорь Пищур де көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Концерт соңында Ақмола облысы әкімінің атынан ықылас гүлі тапсырылып, облыстық мәдениет басқармасының атынан басқарма басшысының орынбасары Гүлмира Бекназарова құттықтады және  «Көкшетау – тал бесігім» ІІІ музыкалық фестивалінің дипломымен марапаттады.

Мерген ТОҚСАНБАЙ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар