Ерейментау ауданындағы Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған белгілі журналист Жанат Түгелбаевтың жеке фото көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Автор көрмеге егемендігіміздің 25 жылдық тарихында облыста, оның ішінде Ереймен еліндегі жарқын оқиғалар жайында сыр шертетін 60-тан астам фотосуреттерін ұсыныпты. Өткен тарихымыздың тілсіз куәгері болып қалатын фотосуреттерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап, облыс басшыларының, қазақ еліне танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар бейнесі көрсетілген.
Тәуелсіздігімізді дәріптеу, егемендіктің арқасында жеткен жетістіктерімізді насихаттау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған көрмені көпшілік тамашалауда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.