Ел үмітін ақтады

WBA, IBF, IBO, WBC тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин американдық Доминик Уэйдті техникалық нокаутпен жеңді.  Лос-Анджелестегі жекпе-жек өткен «Форум» аренасында ине шаншар жер жоқ. Оюлы шапан киген Генаның аты аталғанда жанкүйер қауым атойлап дем берді. Қазақстандық боксшының жанкүйерлері де аз емес екен. Бұған дейін 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Доминик те оңай шағыла салатын жаңғақ тәрізді емес.
Әр соққысы жойқын, шойын жұдырық Гена алғашқы раундта-ақ қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші раундта Доминик бір емес екі рет нокдаунға түсті. Алғашқысына шыдағанымен, соңғысында есін жинай алмады.
Бұл Геннадий Головкиннің кәсіби бокстағы 35-ші жеңісі.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар