Өзекті мәселелер қаралды

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен ағымдағы мәселелер қаралған кеңес өткізілді.

Кеңесте «ЭКСПО–2017» бүкіләлемдік көрмесіне дайындық жұмыстары қаралды. «Бұл еліміз үшін өте маңызды іс-шара, біз астаналық аймақ болғандықтан, жан-жақты дайындықпен және аймақты абаттандырумен мұқият айналысу керек», – деді облыс әкімі.
Оған қоса, өңір басшысы Щучинск қаласын абаттандырумен жіті айналысу керектігі туралы қадап айтып, міндеттеді. Биылғы жылы облыстық бюджеттен жол жөндеу және аудан орталығын абаттандыру жұмыстарына 70 миллион теңге қаражат бөлініп отыр.
«Жыл сайын Щучинск қаласына туристік маусым кезінде мыңдаған меймандар келеді. Сондықтан, бұл мәселеге жауапкершілікпен қарау баршаға қатысты болмақ», – деді облыс әкімі.  
Кеңесте өңір басшысы өндірістік салада жаңа нысандарды ашу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаны жүзеге асыру  жайын да қамтыды. Облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Ербол Оспановтың айтуынша, биылғы жылы аймақта
3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құрайтын жалпы сомасы 95,6 миллиард теңгенің 90 инвестициялық жобасы жоспарлануда. Оның  8-і іске қосылды.
Облыс әкімі барлық нысандар мерзімінде аяқталып, тіпті, ағымдағы жылдың қараша айына  дейін іске қосылуы тиіс екенін айрықша атап көрсетті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар