Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарқын болашақ – жастардың қолында - АРҚА АЖАРЫ

Жарқын болашақ – жастардың қолында

 Облыс орталығында «Тәуелсіздік – ел тұғыры» деп аталатын Көкшетау қаласы көркемөнерпаздар ұжымдарының көше мерекесі өткізілді. «Менің елім – тәуелсіз Қазақстан» атты Ақмола жұлдыздары халық шығармашылығы байқауы шеңберінде өткізілген мәдени шаралар көпшілік көңілінен шықты.

 

«Дарынды жастар – жарқын болашақ» топтамасы шеңберінде Абай, Темірбеков, Ақан сері көшелерінің бойында автожарыс өткізілді. Мемлекеттік Ту және ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы белгілерімен безендірілген 15 автокөлік жарыс жолына шықты. Ал, «Көкшетау» қонақ үйінің алдында «Спортқа бейім елдің – еңсесі биік» ұранымен спорт сайыстары ұйымдастырылды. Той-думан шеруі мұнан соң Сәтпаев көшесіндегі аллеяға ауды. Бұл жерде де өміршең өнердің көрігі күмпілдеп тұр еді. Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің өрендерінің, «Көкше» мәдениет үйінің «Сударушка» және «Әжелер» ансамбльдерінің, «Рябинушка» вокалды тобының, №1 агротехникалық колледжінің фольклорлық тобының жарқын өнерлерін көрермен қауым тұшына тыңдады.
Жастардың бойында жалын атқан жігер бар. Ол жігер жарқын болашаққа бағытталған. Тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуге осы дарынды жастар өлшеусіз үлес қоспақ. «Көкшетау» мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Тек алға» атты  жастар флэшмобы ұйымдастырылды. Онда кәсіптік көріністер көрсетілді. Бұл жерде №1 агротехникалық колледжі, «Арна» колледжі және «Цеснабанк» пен «Сбербанк» мекемелерінің өкілдері өнер көрсетті. Олардың ұзын-ырғасы 120 адамға таяу.
Жыл сайын халық шығармашылығын өрістетуге бағытталған сайыстарға қатысушы оқу орындары мен мекемелердің саны көбейіп келеді. Осы арада бір ғана дерек келтіре кетелік, егер өткен жылы дәл осындай байқауға 26 мекеме қатысса, биылғы жылы олардың саны 89-ға жетіп отыр. Ал, жалпы қатысушылардың саны өткен жылы 9500 болса, биылғы жылы 15 мың адамды құраған.
Мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері сурет және сәнді қолданбалы өнер көрмесін, театрландырылған концерттік бағдарламаларын көрермендер назарына ұсынды. Қалыптасқан дәстүр бойынша халық шығармашылығы байқауын бала бақша тәрбиеленушілері ашып берді. Олар өздерінің әсем костюмдерімен, бойларындағы тәтті де тамаша өнер қылықтарымен көпшілік көңілін бірден баурап алды. Ең жасы кіші қатысушы «Мерей» бала
бақшасының тәрбиеленушісі Надя
Адилова болды.  
Бұл күні қаланың орталық көшелері қызық-думанға толы болды. Ынтымағы жарасқан достық пейілдегі кішкентай балалардан бастап аға буынға дейін ортақ шарадан шет қалған бірі жоқ. Осындай бірлігі бекем, берекесі басым әрекетке қарап тұрып, жарқын болашақтың шын мәнінде дарынды жастардың қолында екеніне кәміл
сенесің.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.   

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар