Ақмолалық боксшылардың жеңісі

Көкшетау қаласында бокстан өткен халықаралық турнирде Ақмола облысының былғары қолғап шеберлері топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды деп хабарлайды «Ақмола медиа орталығы».

КСРО спорт шебері Асқар Сәтібаевты еске алуға арналған халықаралық жарысқа үш мемлекеттен барлығы 240 боксшы қатысты. 1998-1999 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы бокс сайысы тартысты өтті. 64 келілік салмақта өнер көрсеткен көкшетаулық Денис Куралесов пен  69 келі салмақта сайысқа түскен Щучинск қаласынан келген Дәуітбек Еркебұлан алтын медальды қанжығаларына байлады. «Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып және үш мемлекеттің ең мықты деген спортшылары қатысты, алдағы жылы да турнирге келетін боламыз», – дейді Ресей командасының жаттықтырушысы Марат Каримов.
Жалпыкомандалық есеп бойынша ақмолалықтар көш бастаса, астаналықтар екінші тұғырдан көрінді. Ресей мен Қырғызстан командалары үшінші және төртінші орындарды бөлісті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар