Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалықтар ассамблея сессиясы туралы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалықтар ассамблея сессиясы туралы

Ғосман Төлеғұл, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы сессиясы, негізгі  тақырыбы да айтып тұрғанындай, қоғамымыздағы ауызбірлікті одан әрі нықтай түсті. Бұл жолы да сессияға қатысушылардың тәуелсіздік пен ұлтаралық келісім ең басты құндылықтарымыз екендігіне Елбасы сөзі, басқа сөйлеушілердің ой-пікірлері арқылы тағы бір  айқын көздері жетті.
Ең алдымен, менің ойымша, осы жолғы сессия  жоғары дайындығымен, соған сәйкес бір деммен өтуімен ерекшеленді. Сессия үстіндегі зор өрлеуді осы айтулы шараның өн бойы жақсы сезінумен отырдық.
Расында еліміздің  Қазақстанды мекендейтін ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің өзара терең түсіністігімен өрбіп келе жатқан салиқалы саясатын осы сессияда да терең сезінбеуіміз мүмкін емес еді. Елбасы жан-жақты тоқталып өткен Қазақстанның жаңа тарихында ірі жеңістер көп. Осының бәрінің түп негізі ұлтаралық келісімде жатыр. Сол жарасымды тірлігіміздің қозғаушы күші болып табылатын әлемдегі бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы алда да бүгінгі қабылданған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі сияқты жарқын бастамалармен көріне беретіндігіне сенімім мол.

 

 

 

Болат Жанәділов, денсаулық сақтау саласының ардагері,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:
– Осы жолғы сессия «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбымен өткендігі белгілі. Жиналғандар алдында сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл  25 жыл толғалы отырған Тәуелсіздігіміздің біздің қоғамымыздың ең басты құндылығы екендігін баса  атап өтті. Осы қысқа мерзім ішінде еліміздің қол жеткізген ұлан-ғайыр жетістіктеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының да зор үлес қосып келе жатқандығы айдан анық. Бүгінгі таңда біз төрткүл дүние тегіс білетін болашағы зор тәуелсіз мемлекетке айналдық. Осы мемлекетіміздің бір жасампаз тұғыры – түрі басқа, тілегі бір сандаған ұлттың өкілдері  топтасқан Қазақстан халқы Ассамблеясы.  
Әсіресе, осы ассамблея құрамындағы жастарымыздың жалынды сөздері сессия барысында мені ерекше толқытты. Олар әр сөзімен, әр жүрекжарды лебізімен ортақ Отанымыз үшін қалтқысыз қызмет етуге дайын екендіктерін естігенде біздің, аға ұрпақтың  жүрегі қалайша қуанышқа толмасын?! Сессияда бүгінгі күні  аса қажет қайырымдылық, ізгілік мәселелері де қозғалды. Бір сөзбен айтқанда, көп мәселеге, соның ішінде жастар тәрбиесі, отбасы құндылығы, тағы басқа өзекті жайларға толымды  жауап таптық. Бұл сессия осылайша бәріміздің ойымыздан шығуымен ерекшеленгенін баса атап көрсеткен жөн ғой деп ойлаймын.

 

 

 

 

Бекхан Евлоев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Атбасар аудандық мәслихатының депутаты:
–Мен жеке кәсіпкермін. Әрі «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасарымын. Өзімнің негізгі кәсібіммен бірге, қоғамдық жұмысты да тығыз ұштастырып жүрген жайым бар. Осы уақыт ішінде қолымнан келгенше қайырымдылық шараларынан бас тартқан кезім жоқ.
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІV сессиясында Елбасы да осы жөнінде айта келе, жиналғандарды ұлтаралық келісімді одан әрі нығайтуға, бір-бірімізбен қайырымды, тәубешіл  болуға шақырды. Сан ұлттың өкілдері бас қосқан сессия сөз жоқ, біздің мемлекетіміздің қуаты бірлікте, өзара сыйластықта екенін тағы бір жақсы көрсетіп берді.
Бүгінгідей әлемдік дағдарыс кезеңінде бізден талап етілетіні ел үшін аянбай еңбек етіп, болашағымыздың бұдан да жарқын болуына лайықты үлесімізді қосу. Бұл орайда, кімнен үлгі аламыз деп көп ойланудың қажеті жоқ. Сессияда сөйлеген үшінші ғарышкеріміз Айдын Айымбетов, тағы басқа ел азаматтары Отанға деген сүйіспеншіліктерімен, ерен істерімен бәрімізді де осындай жақсы мысалдарға молынан тәнті етті. Осы жиында көзіміз көріп жатқан ауызбіршілік, адамдардың бір-біріне деген ыстық пейілі  бүкіл елімізге де жасампаздық шуағын себездеп, алға сенімді қадам бастыра беретіндігі ақиқат.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар