Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау қаласындағы экосаябақта «Өз ағашыңды отырғыз, өз бағыңды өсір, өз орманыңды қорға» атты табиғатты қорғау акциясы өтті. Оған 300 адам қатысып, 1500 көшет отырғызылды. - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау қаласындағы экосаябақта «Өз ағашыңды отырғыз, өз бағыңды өсір, өз орманыңды қорға» атты табиғатты қорғау акциясы өтті. Оған 300 адам қатысып, 1500 көшет отырғызылды.

 Атадан мал қалғанша, тал қалсын

 

Акция «Балалар мен жасөспірімдердің инновациялық даму орталығының практикалық аймағындағы мектептік орман шаруашылықтары мен оқу орындарының экологиялық клубтары» жобасының аясында өткізілді.
Оны «Мирас» балалар қайырымдылық қоры мен  «Воскресенье-2009» ЖШС ұйымдастырды. «Жайна-Агро» фирмасы мен  «Жасыл ел» облыстық филиалының жетекшісі  В.Одинцов көшеттердің отырғызылуына демеуші болса, «Бұқпа» орман шаруашылығы басқармасы жер жыртып, көшеттерді суару үшін техника бөлді.
Ал, «Тұлпар» автобус паркі акцияға қатысушыларды тасымалдайтын көлік берді. Сонымен қатар, бұл шараға «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, Көкшетау қалалық мәслихаты, қалалық білім бөлімі ақпараттық қолдау
көрсетті.
Көкшетау қаласының барлық мектептері, Чайкино мен Краснояр селолары мен Зас-танционный кентіндегі мектептер және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қолдарына табиғатты қорғау туралы плакаттар ұстап келді.  Көшеттерді  шаңырақ пішінінде егіп, әр уығына бір-бір мектеп иелік ететін болды.  Оқу орындарының шәкірттерінен бөлек қала тұрғындары да бұл шараға атсалысты. Олар өз көліктерімен келіп, отбасы аллеясы деген жерге көшет отырғызып, аты-жөндері жазылған тақтайша ілді.
Бүгінгі күні ол жерде осындай жүзден астам тақтайша  бар. Көктем сайын көшет отырғызу болашақта дәстүрге айналса, қаламыз көкке оранары сөзсіз. 

 

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар