Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің ұйымдастыруымен Зеренді ауданының Шағалалы селосында еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және мәңгілік ел идеясы» атты семинар-кеңес болып өтті.
Агробизнес колледжі оқушылары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, мәліктанушы ғалым С.Негимовтың, облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамының төрағасы М.Қиықовтың, батыр музейінің аға ғылыми қызметкері К.Нұрғалиеваның тәуелсіз еліміздің ғылымы, есімдері ел есінде сақталған даңқты тұлғаларымыз, соның ішінде ғалым, ел қорғаған қаһарман жауынгер, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин жайындағы баяндамаларын зор ықыласпен тыңдады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.