Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қылқаламдағы қиял - АРҚА АЖАРЫ

Қылқаламдағы қиял

Әдебиет және өнер музейінде А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті студенттерінің Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қылқаламдағы қиял» атты көрмесі ашылды.

Көрмеге аталмыш оқу орнының дизайн факультеті студенттерінің салған суреттері мен қолөнер бұйымдары қойылған. Олардың арасында кескіндеме, графика және қолданбалы өнер туындылары бар. Қазақстан Суретшілер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, осы оқу орнының оқытушысы Юрий Поповтың айтуынша, бұндай көрме тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы Дана Көбелекова жиналғандарға көрмеге қойылған студенттердің туындылары туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Д.Кузнецовтың «Жайлау», А.Алғазимованың «Жылқылар», В.Ермоленконың «Саябақ» портреттері шынайылығымен және айшықты бояуымен жұртшылық назарын аударса, шыны тақтаға салынған И.Близнюктің жүзіп жүрген балықтар бейнеленген аквариумы сурет салуға шыны материалды шебер қолдануымен ерекшеленді. А.Ломоносованың түкті кілем түрінде тоқылған арғымақтары да сәтті шыққан туынды екен. Жалпы, студенттердің қолынан шыққан майлы бояумен салынған портреттер, графика мен кескіндеме жанрында салынған суреттер, түрлі материалдардан жасалған қолданбалы өнер туындылары – бәрі де үлкен шеберлікпен кәсіби деңгейде орындалған дүниелер екендігін атап өткен артық болмас.
Әдебиет және өнер музейінің фойесінде ашылған көрмені көкшетаулықтардың ай бойы тамашалауларына мүмкіндіктері бар.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар