Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Елбасы жолы: Жұлдыздар тоғысқанда» киноэпопеясының премьералық көрсетіліміне барды.

Кинотуынды әлем тарихындағы ең қиын кезең – Кеңес Одағының құлауы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. Фильм 1984-1991 жылдар аралығын қамтиды. Аталмыш көркем фильм ел тарихындағы елеулі оқиғаларға зер салып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоғам өмірінің бар саласында атқарған рөлін, сондай-ақ, Мемлекет басшысының дүниежүзілік ауқымда ынтымақтастықты арттырудағы айрықша қызметін саралайды.
Фильм режиссері – РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің халық әртісі Сергей Снежкин. Фильм Алматыда және Алматы облысында, Астанада, Қарағандыда, Мәскеу мен Санкт-Петербургте түсірілген. Картинаны сомдау жұмысына жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысқан. «Елбасы жолы» кинотуындысының табысты болуының басты себебінің бірі – оның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шынайы өмірбаянының негізінде түсірілуі. «Елбасы жолы» кинотуындысы әрқашан уақытылы және өзекті болып қалады, өйткені, бұл шығармада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жеке үлгісінде алдына қойған мақсаттарына жете білген және шын мәнінде Еңбек Адамы болып табылатын азаматтың қызмет жолы көрсетілген.
«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі 2016 жылдың 28 сәуірінен бастап жалпыұлттық прокатқа шығып, еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар