Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білікті медбикелер даярлайды - АРҚА АЖАРЫ

Білікті медбикелер даярлайды

Көкшетау медициналық колледжінде өткен «Ақмола облысындағы медбике ісінің өзекті мәселелері және даму бағыттары» атты ғылыми-практикалық конференция Халықаралық медбике күніне арналды.

Конференцияны оқу орнының директоры Светлана Мұратбекова ашып, жүргізіп отырды. Бүгінгі күні білікті медбикелерді дайындау  денсаулық сақтау саласының маңызды  мәселелерінің бірі. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, қазір облыста 6000-нан аса  орта медицина қызметкері еңбек етеді. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнәр Құлышева  баяндап, медбикелердің елеулі еңбегін атап өтті. Сала басшысы елді мекендердегі тұрғындарға қызмет көрсететін медицина мамандарының  жұмысы ерлікпен пара-пар екенін  айта келе, бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар тапсырды.  
Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің аға медбикесі Сәуле Бекқожинова, Зеренді ауданына қарасты Ортаағаш ауылындағы фельдшерлік-амбулаторлық пункттің фельдшері Роза Әбжанова, Көкшетау қаласының №1 емханасының бас медбикесі Гүлбаршын Рахматуллина және  жедел медициналық көмек станциясының фельдшері,  облыстық «Мейіргер ісінің үздік маманы- 2016» сайысының жеңімпазы  Руслан Мүсеновке «Қайырымдылық және ерлік» музейінің Құрмет
белгісін табыс етті.
Білім ошағының арнайы пәндер оқытушысы Елена Дыдыгина  еліміздегі медбике ісін жаңашаландыру мәселесі жөнінде әңгіме қозғап, биылғы жылдан бастап алты колледж медбикелерді қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша даярлайтынын
жеткізді.  
Оқушылар дуальды оқыту жүйесі негізінде білім алатын болады. Осылайша шәкірттер теория мен тәжірибені ұштастыру үшін уақыттарының көп бөлігін емханалар мен ауруханаларда өткізу нәтижесінде білімдерін шыңдай түспек.  Бұл  пилоттық жобаға Көкшетау медициналық
колледжі де енгізілген.
Конференция барысында қатысушыларға екі бөлім бойынша  дәрістер оқылып,  олар өзара тәжірибе алмасты.  Оған қоса, Санкт-Петербург қаласындағы «Реавиз» медициналық университеті филиалының  сауықтыру және медбике ісі кафедрасының  меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Наталья Туркинамен тікелей  байланыс орнатылып, маман Ресейдегі  медбикелерді оқыту жүйесі жайында айтып берді.

Ырысгүл КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар