Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атамның аманаты - АРҚА АЖАРЫ

Атамның аманаты

Әр адамның өмірінде болашағына үлгі тұтатын, тағылымын алатын тұлғасы болмақ. Ол тұлғаның бойындағы жаратқан ие сыйлаған жақсы қасиеттер кейінгі ұрпақтың көкірегіне қонақтаса, нұр үстіне нұр. Осындай игі жақсылардың болмыс-бітімі еліктегіш жас толқынды өзіне тартып, баурап, келер күндердің көкжиегіне жетелесе, тіпті, жақсы. Менің өмірімдегі осындай өнегелі тұлғам – өз атам.

 

Менің атам Қожахмет Әмірин Қарағаш елді мекенінде, 1912 жылдың қаһарлы қысында дүниеге келген. Тағдырдың тауқыметімен жастайынан көп қиыншылық көрсе де, білім алуға талпынған. Осындай талпынысының нәтижесінде 1935 жылы қазақ педагогика училищесін бітіріп, Қорғалжын ауданының білім ошақтарында тарих пәнінің мұғалімі ретінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, кейін аудандық оқу бөлімінде инспектор қызметін атқарған. «Ер парызы – ел қорғау» демекші, ел басына күн туғанда 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, Челябинскідегі танк училищесінде оқыған. Мұнан соң №17 танк бригадасының құрамында Польша мен Украинаны басқыншы жаудан азат етуге қатысқан. Кейіннен табылған деректер бойынша екінші дүниежүзілік соғыс кезінде алапат күшті қару болып саналған танкті тізгіндеген атамыздың ерлігі туралы тебіріне айта кетуге болады. Көкірегін өшпенділік кернеген атамыз бір мезетте 30-дан аса басқыншы жаудың көзін жойған. Осындай өжет ісі мен қайтпас қайсарлығы үшін үшінші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Мұнан басқа да бірнеше медальдары бар.
Соғыстан кейін елге оралып, өзінің ауылында мәдени-ағарту жұмыстарымен айналысқан. Оқушыларға қазақ тарихын оқытып, ел ішінде өзінің терең білімімен және асыл адамгершілік қырларымен абыройға бөленген. Туған топырағының гүлденуіне бойындағы бар күш-қуатын жұмсап, халқына қызмет еткен атамыздың артында аңыз-ертегіге бергісіз жақсы аты қалды. Көз көрген ауылдастары атамды тек жақсы жағынан сипаттайды екен.
– Қожахмет атаңмен алғаш рет 1950 жылы таныстым. Ол кезде мен бала едім. Бірақ, әлі күнге дейін көз алдымда. Қашан көрсең де қыры сынбаған костюм-шалбар, қара шляпа киетін. Көргенде көзің тоятын сымбатты адам еді. Әрдайым қайырымы мол, жақсылық жасағысы келіп тұратын жайсаң жан болатын,–дейді еліміздің ақсақалы Садық аға.
  Шәйзат апамызбен бірге 8 баланы өсіріп, өмірге қадам ашты. Қазіргі таңда олардан жиырмаға жуық немере, шөбере бар. Олардың барлығы елдің, халықтың мақсат-мұраттары үшін жұмыс істеп, атамыздың аманатын арқалап жүр. Атамыз бақилық болса да, оның әрбір сөзі, қалдырған өсиеті біз үшін сарқылмас қазына.
Ерсайын ӘМІРИН,
 немересі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар